Онлайн газет



«Қазақстанда жасалған» - халықтың қолдауына ие болуда


А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 11 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын ұйымдастыруды ұсынған болатын. «Барлық қазақстандықтарды бүгінгідей қиын жағдайда біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», — деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.
Ел Президентінің үндеуінен кейін, республика көлемінде ірі дүкен желілері мен өндірушілер арасында келіссөздер жүргізіліп, сауда үйлерінің төргі бұрышына Қазақстанда жасалған өнімдер қойыла бастады.
Акцияны ауданымызда алғашқылардың бірі болып Сарыкемер ауылындағы Д.Қонаев көшесінің бойында орналасқан «Кәусар» шағын маркеті, Байзақ ауылындағы  «Арсен» сауда желісі қолдады.
Кеше Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев бастаған белсенді топ аталмыш сауда нүктелерінде болып, отандық өнімдер жайында тұтынушылармен пікірлесті.
«Өзім үнемі келіп тұратын дүкеннің «Қазақстанда жасалған» сөресінен тауар алуды әдетке айналдырғанмын. Өйткені, біздегі өнім құндылығымен әрі сапасымен ерекшеленеді. Үйде кішкентай балаларым болғандықтан, олардың денсаулығына пайдалы, өміріне қауіпсіз азық-түлік тұтынғанды жөн санаймын. Оның ішінде өзімізде өндіріліп жатқан сүт, ұн өнімдері, қант пен май көңілімнен шығады. Осындай қадамға бару арқылы тек өзіме ғана емес, отандық өндірушілерге де пайдам тиіп жатқанына қуаныштымын» - дейді сарыкемерлік Айжан Дәулетбаева.
Акцияға өз үнін қосқан Байзақ ауылындағы  «Арсен» сауда желісінде есіктен кірген бойдан-ақ «Қазақстанда жасалған» түрлі-түсті белгісі көзге ұрынады. Дүкен иесі, жеке кәсіпкер Азамат Сқақовтың айтуы бойынша мұндағы тауарлардың көпшілігі өз елімізде шығарылған екен. Ас атасы - наннан бастап, сусындар, шұжық пен жұмыртқа, «Баян сұлудың» кәмпиттері, жергілікті жылыжайларда өсірілетін қызанақ пен қияр, тіпті Қызыл жұлдыз ауылдық округінде орналасқан «Rolla-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макарон өнімдері қазақстандық халықтың, оның ішінде ауылдықтардың да  сұранысына ие. «Мұндай бастаманы қолға алу арқылы біз кәсіпкерлерге  кең көлемде қолдау көрсетумен қатар, тұрғындардың қалауын қамтамасыз етіп отырмыз» деді ол, бізбен әңгімесінде.

Обновлено 27.03.2015 09:48
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін635
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28018
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50318
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820596

Серіктестер