Онлайн газет



Әз Наурыз – еңбек пен тазалықтың мерекесі


А.Қайыпназарқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Әз Наурыз ертеден келе жатқан - бірлік пен берекеге, үміт пен сенімге, татулық  пен тазалыққа, еңбекке шақыратын ерекше мереке. Шығыс халықтарының жаңа жылы ретінде тойланатын айтулы мейрам – жаңару мен жасампаздықты талап етеді. Сондықтан да күн көзі күлімдеп, көк шыға бастағаннан-ақ ата-бабамыз тыныш қарап жатпай, Наурыз мерекесін күтіп алуға ерте бастан қамданған. Тіршілік қайта тіріліп, жанданған уақытта айналаны тазартып, бұлақ көзін ашқан.
Науша Наурызды тазалықта қарсы алу үрдісі күні бүгінге дейін де жалғасуда.
Бейсенбі, 19 наурыз күні байзақтық барша тұрғын қолдарына құрал-саймандарын алып, айналаны тазартты.
Аудан орталығы Сарыкемер ауылының кіре берісінен бастап орталықтағы Байзақ батыр көшесінің бойында сенбілік өткізген еңбек ұжымдары жол бойындағы бағаналарды сырлап, тал бұтақтарын кесіп-реттеді.
Барлығы бұл күні 700-ге жуық адамның күшімен 200 терек жерге қондырылып, 3,0 шақырым каналдар мен арықтар тазаланды. 700 тал әктеліп, саябақтар мен скверлердің айналасы абаттандырылды.  28 тонна қоқыс сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, 5 кездейсоқ қоқыс төгетін орындар жойылып, қажетті жерлерге жарық қондырғылары орнатылды.
Осылайша  Ұлыстың Ұлы күнінен мол ырыс күткен көпшіліктің көмегімен өлкеміздің келбеті көркейтіле түсті.
Мерекеге орай, республикамыз көлемінде қолға алынған тазалық шарасы өңіріміздің өзге де ауылдық округтерінде өткізілді.

Обновлено 27.03.2015 09:47
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1083
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1083
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12830
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990922

Серіктестер