Онлайн газет



Еліміздің еңселі болуы Елбасының ерлігі

Ә.Әлмұратов,
еңбек ардагері.

Шынында да Қазақстанның егеменді ел болуы, басқа мемлекеттермен тереземіздің тең болуы Елбасымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбегімен, сындарлы саясатымен

тікелей байланысты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жылдан сәл ғана аса уақыт тарихи тұрғыдан алғанда көп емес, ал, істеген іске, қол жеткен табыстарға қарағанда аз емес екенін аңғарамыз. Олай дейтініміз кешегі кеңестік кеңістіктен шыққан мемлекеттер арасында еліміз еңсесін тіктеді, берекесін бұзбады, әл-ауқатын жақсартты. Қазақстанды әлем танып қана қойған жоқ, мойындады. Өйткені, алға қойған мақсаттардың бірінен кейін біріне қол жеткізудеміз. Міне, әлемдегі ең өркендеген елу елдің қатарына да еніп тұрмыз.  Мұның барлығы ел Президенті Н.Назарбаевтың халқымызды тура жолмен басқара білуінің нәтижесі деп білемін.
Қазақта «Мың қосшыға бір басшы» деген даналық сөз бар. Барлық істің де баянды болуы  басшының ұстанған саясатына байланысты. Елбасының «әуелі экономика, одан кейін саясат» деген тұжырымдамасы өз жемісін берді. Өзіміз оны күнделікті өмірден  көріп жүрміз. Біз түрлі тоқыраулардың толқынынан аман-есен өтіп келеміз. Тек өтіп келе жатқанымыз жоқ, өсіп, өркендеп келеміз. Елді өркендетудің батыл бағдарламалары жасалып, оны жүзеге асыруда баянды істер атқарылуда. Бүгінгі қолға алынып жатқан индустриялды инновациялық бағдарлама соның бір жарқын көрінісі. Оны халық атқарып жатқанына дау жоқ.  Бірақ барлық игі істер тұңғыш Президентіміздің тікелей басшылығымен атқарылып жатқаны да ақиқат. Мұны бәріміз түсінеміз және мойындауға тиістіміз.
Біз, қазақ халқы, тағдыры ауыр халықпыз. Түрлі-түрлі тарихи кезеңдердегі қилы-қилы құйтырқылықтардың нәтижесінде әлемге бытырадай шашылып кеткеніміз шындық. Сол халықтың қайта басын қосқан, бақытына жеткізген осы тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев. Оны мен өзімнің, әулетімнің тағдырынан білемін. Қилы заманның қысылтаң кезеңінде бабамыз құрып кетпеудің қамын ойлап, өзге елге қоныс аударған.
Сөйтіп біздің атақонысымыз Өзбекстанның аумағында болып қалды. Кезінде бір кеңістікте болғандықтан өгейсімегенмен ел тәуелсіздігін алғаннан кейін тосын тосырқауға ұшырағанымыз рас. Осы бір кездегі Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақтардың бір ғана Отаны бар, ол – Қазақстан» деген сөзі бізді ерекше елжіретті, ризашылыққа бөледі. Елбасының осы бір сөзінен кейін біз тарихи отанымызға оралдық. Ата жұрт бізге бар мүмкіндіктерді жасады. Бүгінде біз өзімізді бақытты санаймыз. Өйткені ұрпағымыз қазақ елінде өсіп-өніп, ана тілінде білім алуда. Ұрпағымызды атажұртқа,  қандас қауымға қосқанымызға қуанамыз. Шынында өгейсімей өз еліңде өсуден артық бақыт бар ма? Тоқыраудың кезеңіне кез келіп, квотамен көші-қонның уақытынша тоқырап тұрғаны сәл ойландырады. Мұнда да қаржылай қолдау көрсетілмеді демесең қайта оралған қандастарға қамқорлықтардың бәрі жасалуда. Сондықтан оралман ретінде өз басым елдің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың саясатын қолдаймын. Жүрген жерлерімде Елбасының ел бірлігі мен тыныштығына сіңірген еңбегін мақтанышпен айтып отырамын. Ал, Қазақстанның тұңғыш Президенті күні ерекше мерейлі мереке екеніне дау жоқ. Олай дейтінім, бұл елі сүйген Елбасының еңбегіне жасалған ерекше құрмет деп білемін.

 

Обновлено 19.11.2012 11:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін605
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада605
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17235
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268904

Серіктестер