Онлайн газет



Ауыл шаруашылығын дамыту-басты бағыт

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Киелі Байзақ елі ежелден егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытқан өңір. Сондықтан болар мұндағы негізгі кәсіптің көзі

осы саланың өркендеуімен тығыз байланысты. Жылма-жыл егіс көлемін ұлғайтып, жер-анадан берекелі өнім жинай білген, төрт түлігін түлетіп, ыдысы ақтан арылмаған жергілікті жамағаттың ата кәсібімізді өркендетуге қосып жатқан үлесі мол.
Ауыл шаруашылығы бойынша биылғы жылғы 19188 гектар жер өңделіп, 4200 гектар жаздық арпа, 1552 гектар үрме бұршақ, 4620 гектар  майлы дақыл (мақсары), 120 гектар күнбағыс, 1500 гектар қант қызылшасы, 4631 гектар көкөніс, 300 гектар соя, 50 гектар жерге қонақ жүгері орналастырылды. Шаруашылықтың барлық санаттарында 6871,2 тонна ет, сүт -31,0 мың тонна, жұмыртқа -39,1 млн. дана өндірілген.
Бұл жерде айта кететін мәселе егін шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштер ауа райының құрғақ болуына байланысты өте  төмен болып отыр. Мәселен, бидай 3878,0 мың тонна жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 48,8 пайызды құраса, сол сияқты арпа және майлы дақылдар өткен жылғы деңгейге тиісінше 24 және 33 пайызды құрап отыр.
Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 7 цех жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 шұжық, 1 өсімдік майын өндіру, 2 макарон өнімдерін шығаратын, 1 сүт өнімдерін, 1 нан өнімдерін шығару цехтары тұрақты жұмыс атқарып келеді.
Былтырғы жылғы осы мерзімімен салыстырғанда ірі қара малы 3090 басқа, қой-ешкі малы 6380 басқа, жылқы 94 басқа, шошқа 535 басқа, құс 69534 басқа кеміп отырып, ал түйе 4 басқа өскен. Ауданда 25 қолдан ұрықтандыру пункттері, 7 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар, оның ішінде ірі қара малымен 2 қожалық, жылқы малымен 1 қожалық, қой малымен 4 қожалық айналысуда.
Аудан бойынша мал қыстату науқанына мүйізді ірі қарадан-33 627 бас, қой мен ешкі малынан-237 458 бас, жылқы малынан-9 502 бас, түйе малынан-750 бас түсіп отыр екен.  Жалпы мал қыстатуға 51301 бас шартты мал басы түсуде. Қыс айларына 71 725 тонна шөп, 1 400 тонна сабан  дайындалыпты. Жоспар 102,4 пайызға артығымен орындалған. Мал қыстаулары - құм өңірі, «Еден», «Есқара», «Көк-шұрат», «Қос-шұрат», «Балақ дала», «Жиек», «Аяқ көл», «Арғын қамалған», «Түлей», «Жусанды», «Теріскенді», «Көделі» мал жайылымдарына орналасқан. Аудан бойынша 328 құдық есепте тұрса, оның 190-ы жөндеуді қажет етеді екен. Малшы қауым осы 328 құдық төңірегінде шоғырланған. Үй-жайлары мен қора-қопсыларын қыстауға байланысты жөндеуін аяқтаған. Орман шаруашылығы арқылы малшыларға 200 дана жаңа құдық салуға сұраныс берілген, оның ішінде шахталысы -150 құдық, трубалысы -50 құдық.
Сондай-ақ бүгінгі күнге мүйізді  ірі қарадан  үш мал  бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда.   Атап айтқанда,  «Бапыш-Сейсенбай» шаруа қожалығында-150 бас, «Фейзатов» шаруа қожалығында-90 бас,  «Агали» шаруа қожалығында - 80 бас мал бордақыланып жатса, «Мақсат» шаруа қожалығында - 60 бас, «Тырнақбаевтар әулеті» шаруа қожалығында 50 бас жылқы малы бордақыда тұр.  Сонымен қатар «Агали» шаруа қожалығы қосымша 200 бас мүйізді ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңын өз қаражатына соғып , аяқтау үстінде. Жыл аяғына дейін іске қосады деп күтіліп отыр.  Бұдан бөлек  Қостөбе, Ботамойнақ, Бурыл, Көктал, Сарыкемер ауылдарынан жеке тұлғалар  өз үйлерінде 15-20 бастан бұқа мен жылқы малын бордақылап, халықты етпен қамтамасыз етуде.
Сүт өнімін өндірумен айналысатын «Агали» , «Ниет», «Барзани», «Береке», «Жафар» шаруа қожалықтары өндірген өнімдерін күнделікті  жеке кәсіпкер «Лесняктың» сүтті қайта өңдеу цехы  мен сүт сататын  дүкендерге өткізуде. Ауданымызда  ірі қара малынан  репродуктор болып  асыл тұқымды «Бапыш Сейсенбай» шаруа қожалығы бекітіліпті. Қазіргі таңда қарамағындағы  етті  бағыттағы  «Әулиекөл» тұқымды бұқаларын өз ауданымыздан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиеге алып, асыл тұқымды бұқалары жетіспейтін  «Жаныс баба», «Сакен» және «Агали» шаруа қожалықтарына екі бастан  сатып отыр. Бұл жұмыс өз жалғасын табуда. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да біршама жұмыстар қолға алыныпты. Аталмыш бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  мен «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 2011 жылы 10 қожалық жетекшілері несиеге қол жеткізіп, етті бағыттағы ірі қара малдарын бағып-күтіп жатса,  ағымдағы жылы  7 шаруа қожалық иелері несие алып, ірі қара малымен айналысуда, бұдан бөлек - 7 қожалық құжаттарын  дайындау  үстінде. Мал шаруашылығымен айналысатын  шаруа қожалықтарына Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен ережеге сәйкес мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал төлін сатып алғаны үшін  және  мал өнімдерін  өткізген  қожалықтарға берген өтініштеріне қарай, құжаттарын толық әкелген жағдайда  субсидия төленуде.   
Осы жылғы қуаңшылыққа байланысты орта-ірі мал шаруашылықтарына мемлекет тарапынан арзандатылған кебек бөлінуінің нәтижесінде 1 365 тоннаға сұраныс беріліп, бүгінгі күнге одан -355 тонна кебек алынып, бұл жұмыс жалғасуда екен.
«Халқымызда «Ауыл- ат байлар алтын қазық» деген қанатты сөз бар. Расында, ауыл біздің қастерлі атақонысымыз, тіршілік тынысымыз, киелі алтын тамырымыз. Біз индустриялық-аграрлық елміз. Біздің ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл-индустриялық және аграрлық салалар. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді де. Мен оған кәміл сенемін» деген еді Елбасымыз Н. Назарбаев. Тәуелсіздікпен бірге ауыл шаруашылығын дамытудың тың жолдары қолға алынып, шынайы қамқорлықты сезінген  ауыл еңбеккерлері соны қарқынмен еңбектеніп, жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

 

 

Обновлено 19.11.2012 11:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін277
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1831
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16907
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268576

Серіктестер