Онлайн газет



Ұлы ұстаз атындағы төсбелгімен марапатталды

 

А. Қайыпназарқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

«ХХІ ғасыр – білім ғасыры». Бүгінгі жас ұрпақты білімді де, білікті етіп өсіру

– заман талабына айналуда. Осы ретте, балаларды білім нәрімен сусындатып отырған мектеп ұстаздарына жүктелер жауапкершілік те арта түсері анық. Сондықтан, аудан мектептерінің ұстаздары ұлы атқа кір келтірмей, жастарға жақсы тәлім-тәрбие беруде елеулі еңбек етіп жатқандығын ерекше атап өтуге болады.
Солардың бірі Н.Киікбаев атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбахрам Ермекова жуырда ұлы ұстаз «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгімен марапатталып, ел-жұртын қуанышқа бөлеуде.
Математика және физика пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Г.Ермекова өзінің еңбек жолында көптеген биік белестерді бағындырып, талмай ізденіс етудің арқасында талай жетістіктерге жете білді. Айталық Гүлбахрам Серікқызы облыстық «Сынып жетекшісі» байқауының 2008 жылғы жеңімпазы атанса, ол тәрбиелеген көптеген шәкірттері бүгінде республикамызға есімдері белгілі жоғары білім ошақтарының озат студенттері қатарына қосылуда.
Есеп есептеуді тереңдете үйретіп, заманның сұранысына сай – жаңашыл бағытта жұмыс жасай білетін  ұстаздың оқушылары мемлекеттік сынақ ҰБТ-да жоғары көрсеткішке ие болса, республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы», облыстық «Жүзден жүйрік» интеллектуалдық жарыстарында да жеңімпаз болды. Ол жетекшілік ететін сыныптың бес оқушысы 2011 жылы «Алтын белгі», бір оқушы «Ерекше үлгідегі аттестат» иегері атанған.
Міне, осы еңбектерінің еленгені шығар, 1 қазан – мұғалімдердің мерейлі мерекесінде облыс орталығы Тараз қаласында өткен салтанатты шарада Гүлбахрам Ермековаға «Ыбырай Алтынсарин атындағы» төсбелгіні ҚР Білім және ғылым Министрі Бақытжан Жұмағұловтың өзі табыстады. Облыс бойынша барлығы төрт ұстазға ғана берілген бұл төсбелгінің бірін біздің Байзақ ауданынан шыққан мұғалімнің иеленуі әрине үлкен мақтаныш.
Осындай атаққа лайық деп танылған ұстазды бізде шын жүректен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиесіндегі жұмыстарының жемісті болуына тілектеспіз!

 

Обновлено 15.11.2012 18:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін912
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада912
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17542
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269211

Серіктестер