Онлайн газет



ҚАСҚЫРБАЙ НАРБАТЫР, ақын-сазгер, Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Біздің жақтың ұлдары

Ұлдары зор біз жақтың шеттерінен,
Өткір жалын сезілер леп-демінен
Сексеуілдей серті нық,
Құмда жортқан
Мәрт мінездес келеді Көкбөрімен.



Маңдайлары тақтайдай кереғарыс,
Кеуделері сыршыл бір терең, ағыс.
Олжа тартқан өмірдің жолдарынан
Қолдарынан бәрінің келер әр іс.

Есік бұзып кірердей иықтары,
Бір ауылда жүр соның сиып бәрі.
Оқығаны жетерлік, тоқығаны
Біреуінен бірінің биік бағы.

Құмға жақын ауыл сол төмендегі,
«Көкөзек ел жайлауы» өлеңдегі.
Зор ұлдардың осынау есебінде
Ел нәсібін бар және жегендері.

Шықты талай бізден ер кемеңгері,
Уай, не дейсіз, бұған сіз менен гөрі
Билік құрып біразы сыртта да жүр
Күндік жерден күркіреп беделдері.

Айттым бізде зор ұлдар мол екенін,
Нышаны жоқ сөзімде келекенің.
...Жел өтінде ауыл тұр жетімсіреп
Күйі төмен әйтеуір, неге екенін?!

Сырласайық

Мен өзіңді шақырайын бір жерге,
Үрке қарап нағыласың, сыр берме.
Жастық деген нұр жайнаған  жарқын күн
Жарқын күн де батпайды ма бір демде.

Таңдармыз біз бәлкім өзен жағасын,
Кел, сыздаған жүрекке ем табасың,
Өзегіңнен сылып тастар едің бір,
Өткен күннің өкпесі мен наласын.

Қаяу түскен тағдырыңа алаңмын,
Ақтарыла шертіп алғын маған мұң.
Көңіліңнен көктем лебін жұтайын,
Мен де қайбір оңып жүрген адаммын.

Ұғысайық көкіректе сыр қамай,
Жалғыздықтың жан жауратып тұрғаны-ай!
Екі жүрек мұңды сөзін тербесін.
Қарашада қатар ұшқан тырнадай.

Мен өзіңді шақырайын бір жерге...

Жалғыз тырна

Есімде жоқ, арғы жыл ма былтыр ма?
Үздік-үздік басып мұңлы сұңқылға,
Қарашада Қаратауды бетке алып
Ұшып бара жатқан еді бір тырна.

Жалғыз тырна. Үні сондай зарлы еді,
Қарашаның желі қандай зәрлі еді.
Қара жерден қарап тұрдым мен оған,
Бір құдайдың тисе деумен жәрдемі.

Тіршілікте жалғыз қалу қорлық іс,
Күресу шарт сарқылғанша соңғы күш.
Бар арманын зарлы әуенге сыйдырған
Қанша жерге барар екен сорлы құс?

Қара бұлттан қар жауардай ауа сыз,
Сұңқылдаған жалғыз тырна шарасыз.
Жалғыз ноқат бара жатты аспанда
Қараша айы, қараша өмір-қара күз.

Туған күн

Е, Қарлыға, не ойың  бар, Қарлыға,
Бай да емеспіз және тықыр жарлы да.
Қара күздің қапталына ілесіп,
Мен туған күн келе жатыр алдыда.

Туған күні бар досқа ашып есікті,
Солармен сан бөліп таттық несіпті.
Атап өттік қаншама рет қатырып.
Бірақ содан ойлап тұрмын, не шықты?

Таңырқасып бас шайқасқан, пай-пайдан,
Шаршап біттім, төгілген, ән, айқайдан.
Маған арнап табыс қанша тіленді,
Сол табысқа жеттім бе мен, әй қайдам?

Шақырмай-ақ қоялық дос-құрбыны,
Кінәратқа жатқызады кім мұны.
Тамашаның жоғын жоқтап өтед те,
Қарашаның азар болса бір күні.

Е, Қарлыға, тәңір қосқан Қарлыға,
Ұқсата алмай жүрміз кейде барды да.
Туған күнді тойлап өту сөз емес,
...Не өмір тұр бізді тосып алдыда?!...

 

Обновлено 15.11.2012 17:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін255
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5255
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34858
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242244

Серіктестер