Онлайн газет



Cыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту —Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған биылғы халыққа Жолдауында жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі — сыбайлас жемқорлықпен кесімді күреске айрықша маңыз бере келе, онымен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажеттігін атап көрсетті. Үкіметке үш айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырды. Мемлекет басшысының бұл аталған тікелей тапсырмалары мемлекеттік органдар алдына да үлкен міндеттер жүктеп отыр.
Жақында  “Нұр Отан” ХДП-ның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  М. Шүкеев  аудандық мекеме, ұйым, бөлім басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелеріне байланысты өткізілген жиын барысында  1998 жылдың 2 шілдесінде елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданғанын, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі көрсетілгеніне тоқтала отырып, аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетінін атап көрсетті. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған,  келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы екендігін, мұндай ауыр кеселді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болатындығын баса айтты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Сәрсенов қоғамдық кеңес жұмыстары туралы кеңінен баяндады.Кеңес мүшесі С. Мысықбаев, С.Молдабековтер қоғамда жемқорлықпен күресудің маңызы, партияның алға қойған мақсаттары туралы айтып, халықты онымен бірге күресуге шақырды. Ал, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А.Мырзабеков жастар арасында жемқорлыққа деген қарсылық көзқарасын білдірді.
“Нұр Отан” ХДП Байзақ аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары Н. Тлепов сөз алып, аудандық мекеме басшылары арасында осы бағытта дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, саяси сабақтар өткергендігі, аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге елдімекендерде қоғамдық қабылдаулар өткізілгендігі  жайлы мәлімет берді.
Жиынды қорыта келе баса айтылған мәселе-бұл қоғамдық дертпен бүкіл ел болып күрескенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығы айтылды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1557
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1557
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда38000
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295258

Серіктестер