Онлайн газет



ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының  Байзақ  ауданындағы  филиалының  ұйымдастыруымен  ауыл, ауылдық округтердегі шағын және орта бизнес өкілдеріне тиімді, пайдалы кеңестер алуға мұқтаж  кәсіпкерлерге несиелік қаражатты алуға қолдау көрсету және заң талабына сай мүддесін корғау мақсатында, Жалғызтөбе және Сарыкемер ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының  Байзақ  ауданындағы  филиалының директоры Д.Нуралиев, «Тараз несиелік серіктестігі» ЖШС-нің директоры Д.Алауов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Д.Наурызбаевтар қатысты.
Алдымен Жалғызтөбе ауылдық округінде өткізілген басқосу Кеңес, Мырзатай, Дихан, Абай, Сармық, Мәдімар, Бурыл, Көктал, Жетібай, Бағара, Аққия, Темірбек ауылдарын қамтыса, Сарыкемер ауылдық округіндегі кездесуге Сарыкемер, Түймекент, Диқан, Талас, Қостөбе, Үлгілі, Қызыл жұлдыз, Жақаш, Байзақ, Аймантөбе, Ақжар, Жеңіс, Базарбай, Ақшолақ, Ботамойнақ елдімекендерінің жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары шақырылды.
Кәсіпкерлердің заң талабына сай мүддесін қорғау және оларға мемлекеттік қолдау көрсету туралы ақпараттар беру, «Тараз несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кіші және орта бизнестің өкілдеріне мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және басқа да ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламалары бойынша несиелер қаражаттарын алу мақсатын насихаттау және кәсіпкерлердің бизнес бойынша өзге де сұрақтарына жауап беруді мақсат еткен кездесулер барысында оның қатысушылары өздерін толғандырып жүрген сауалдарға нақты жауаптар алды.
Кездесулер барысында Жамбыл облысы кәсіпкерлер  палатасының  Байзақ  ауданындағы  филиал  директоры Дінмұхамед Берікұлы ұйымдастырылып отырған кездесудің маңыздылығына тоқталып, шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелесе, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Досмұханбет Қалмаханбетұлы кәсіпкерлерге мемлекеттің қаржылық және қаржылық емес көмектері жайлы айтып, несиелік серіктестіктің басқа қаржылық мекемелерден айырмашылығы жайлы баяндап берді. Ал, «Тараз несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  Даулет Ағабекұлы жаңадан құрылған серіктестіктің жұмысы жөнінде айта келіп, ауыл шаруашылығын және оның айналасындағы кәсіп түрлерін дамытуға, өркендетуге үлкен үлес қосуға дайын екендігін жеткізді.
Сондай-ақ несие алудың шарттарымен жан-жақты таныстырып, кездесу қатысушыларының тарапынан берілген сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарды.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2273
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2273
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57218
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700486

Серіктестер