Онлайн газет



Бала тәрбиесіне жауапкершілікті арттыру - заман талабы

И.Спаналиева,
аудан әкімдігі  білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі  әдіскері.

Бала – тәрбиесі баршаға ортақ іс. Деседе, осы жауапкершіліктің жүгін әлі де сезіне алмай жүргендейміз. Бұлай деуіміздің басты себебі,  жастар тәрбиесіндегі кейбір келеңсіз жағдайлар – қылымысқа апарып соғуда. Бесіктен белі шықпай жатып қатыгездікпен қылмыс жасайтын жасөспірімдердің жат әрекетке баруына не себеп? Бұл жағдайға кім кінәлі? Мектеп пе? Әлде, теріс қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Бұл сұраққа бір ғана жауаппен шектелу мүмкін емес.
Шындығында да, адам өмірге қылмыскер болып келмейді. Оның қылмыс жасап, қылмыскерге айналуының бірқатар себептері бар. Атап айтқанда, отбасындағы тәрбие, отбасының материалдық әл-ауқаты, жұмыссыздық, баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы және тағы басқалар. Ал ең негізгісі, бала бойындағы жақсы немесе жаман қасиеттердің қалыптасуы жанұядағы  тәлім-тәрбиеге тікелей байланысты. Яғни, бала барлық игі қасиеттерді отбасынан алады.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Бір сөзбен айтқанда, отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Сондықтан да, отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы немесе күн тәртібі, оған бала  міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Ата-ана баласының мектептегі немесе мектептен тыс уақыттағы бос уақытының ұйымдастырылуына мән беруі тиіс. Ұл-қызының қашан, қайда болатындығы туралы, қай уақытта сабаққа дайындалуы, үй жұмысын атқаруы, мектептен тыс немесе мектепішілік үйірмелерге қатысатындығы туралы және де баланың күн тәртібіндегі осы жұмыстарға кімнің жауапты екендігін,  мұғалімі туралы, оның байланыс телефондары, ол туралы жалпы мағлұматтардан толық хабардар болуы шарт деп білемін.
Ал, біздің ата-ана баласының сабақ кестесіне немесе сабақтан тыс уақыттағы кестесіне мән бере ме? Көпке топырақ шашқым келмейді, алайда мұндай мәселеге мән бермейтін әке-шешелер де арамызда бар. Міне осындай ата-аналар тарапынан жіберілген кемшіліктерге байланысты бала қадағалаусыз, бақылаусыз қалады. Осындай жағдайларда бала түрлі тәртіп бұзушылықтарға барады немесе сабаққа еш ынта танытпайды, үйірмеге қызықпайды, тіпті өзін қорғайтын, қолдайтын жанашыр таппай оны  сырттан іздеп, дұрыс емес ортаға тап болып жатады. Осыдан барып оқушылар арасында тәртіп бұзушылық орын алып жатса, ата-ана кінәні өзінен емес, меткептен іздеуге тырысады. Бұл әрине өз міндетін толық білмейтін немесе бала тәрбиесі туралы тіптен бейхабар  жандардың тірлігі. 
Мектеп ұжымы қазір баланың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, ата-ананың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерімен де айналысады. Бірақ бұл жеткілісіз дүние, оған ата-аналар тарапынан сұраныс төмен.  Бала тәрбиесіне мән бермеген ата-анамен жұмыс жүргізу қиындық тудыруда. Қиын отбасынан шыққан баланың тәрбиесі де қиынға соғады емес пе? Кейінгі зерделеу қорытындыларына сүйенсек, оқушылардың 70-80 пайызы өз құқықтарын білмегендіктен немесе ата-аналардың қадағалаусыз қалдыруынан тәртіп бұзады екен. 
Әрине  түсінікті жағдай, көп ата-ана күн көріс қамымен базарда ертеңінен қара кешке дейін жүрсе, қызметтегілері шаршап келіп, баласына қарауға шамасы жетпейді десек, сонда болашақ қоғам қалай қалыптаспақ? Ойланарлық мәселе?...
Бала тәрбиесіне  жауапкершілікті арттыру бұл - заман талабы. Отбасының қолдауынсыз, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінсіз бұл жұмыстарды біржақты атқарудан еш нәтиже шықпайды. Ең бастысы, «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы» екендігін үнемі жадымызда сақтап, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында әрбіріміздің үлесіміз бар екендігін естен шығармайық.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2255
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2255
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57200
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700468

Серіктестер