|
Н.Узбекова, Байзақ ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының көмекшісі.
Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс. Мұндай қылмыстар қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа да зиян келтіреді. Зиянды әрекеттердің алдын алу және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген 2014 жылғы 7 қарашадағы ҚР Қылмыстық Кодексі мен 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін таныстыру мақсатында
Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығының заңгерлік жұмыс бойынша көмекшісі, әділет майоры Р.Назаров төрағалық еткен Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлық бұзушылығымен күрес жүргізу бөлімшесі бойынша аға инспекторы, әділет майоры Г.Тлеужановтың, Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы, әделіт майоры С.Бошанбековтың, аудандық ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Р.Бейсенбаевтың және КЖТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Исмаиловтың қатысуымен жеке құрамның арасында кездесу өткізілді. Бұл кездесуде өз кезегінде майор Р.Назаров жаңа қабылданған заңнамалардың өзгерістері мен толықтыруларын таныстырып өтсе, аудан ішіндегі қылмыстардың алдын алу және онымен күресу жолдары туралы Е.Исмаилов сөз етті. Ал, Г.Тлеужанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықпен күресу қоғамдық міндет екенін айтып, заңнамалық нормаларды бұзбауға шақырды. |