| Салауаттылықты сақтау - өмір талабы |
|
Салауаттылықты сақтау жайы елімізде жиі айтылып жүргендігі рас. Елбасы Жолдауларында, жуырда жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырамдамасында да қазақстандықтардың қалыпты өмір сүруіне, спорт пен денсаулыққа ден қоюы туралы әңгіме кеңінен сөз болды. «Салауатты өмір салты – мемлекет саулығының кепілі» - осындай тақырыппен Бурыл орта мектебінде акция болып өтті. Жастар арасындағы алкогольді ішімдікке қарсы күрес аясында өткізілген іс-шараға аудан әкімдігінің білім бөлімінен, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан және ішкі істер бөлімі мен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен арнайы өкілдер қатысып, жастарға тақырып төңірегінде жан-жақты мағлұматтар берді.
Өз тілшіміз. |
| Обновлено 12.11.2012 16:23 |
Халыққа жолдау









![]() | Бүгін | 1547 |
![]() | Кеше | 6400 |
![]() | Осы аптада | 1547 |
![]() | Өткен аптада | 22840 |
![]() | Осы айда | 37990 |
![]() | Өткен айда | 96777 |
![]() | Бәрі | 4295248 |
Серіктестер














