Онлайн газет



Ұмытылмас Ауған соғысы

А. Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Кеше, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 26 жыл толуына орай аудан әкімі Мұратхан Шүкеев  аталмыш батыр ұлдардың бауырларын қабылдады. Келелі кездесу барысында аудан басшысы Ауған соғысы Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі болғандығын айтып, онда ерліктің үлгісін көрсетіп, жас жандарын құрбан еткен жауынгерлерді еліміз ешқашан ұмытпайтындығын ауызға алды. Ауғанда шейт болған  Н.Әбдуәлиев, Е.Теміртаев, Қ.Сүлейменовтердің бауырлары Еркін Әбдуәлиевке, Мейірғали Теміртаевқа, Рүстем Сүлейменовтерге  құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Отты жылдардың зардабы жөнінде аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев және Байзақ ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Қ.Бошай да сөз етіп, игі тілектерін білдірді.
Мұнан соң аудан орталығындағы Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы жанында орналасқан Ауған соғысы құрбандарының ескерткіші алдында еске алу жиыны болып өтті.
Салтанатты шараны аудан әкімі М.Шүкеев ашып, ауған соғысының қасіретіне тоқталды. Майдан даласында қаза болған қазақстандықтар мен байзақтық батырлардың ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі екендігін, сұрапыл соғыста Отан алдындағы борышын адал атқарған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау толастамайтындығын тілге тиек етті. Жиылған жұртшылыққа ізгі ниетін білдірді.
Елде мәңгілік бейбітшілік орнауына тілектестігін аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Сыздықов та айтып жеткізді. Ауған жерінде опат болған қаһармандарымыз бір минут үнсіздікпен еске алынғаннан кейін, ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді.

Обновлено 17.02.2015 15:33
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2148
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2148
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57093
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700361

Серіктестер