Онлайн газет



«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсету тәртібі

К.Авдыпова,
«Өрлеу» жобасы бойынша консультант.

«Өрлеу» жобасы – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасыға (адамға) шартты ақшалай көмек (ШАК) беру бағдарламасы.
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш берген айдың алдындағы 12 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және он екі айға бөлу арқылы есептеледі.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын төленеді. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бір жылға жасалады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және ерікті қоныс аудару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын өзге де бағдарламалардың шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды көздейді.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу:
1) үш жасқа дейінгі балаларға;
2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда селолық округ әкіміне жүгінеді.
Уәкілетті орган, селолық округ әкімі не ассистент үміткерге «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер жоба қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізіліп, әңгімелесу парағы толтырылады.
Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен нысандар бойынша отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы;
5) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін811
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11070
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27700
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279369

Серіктестер