Онлайн газет



Өрісті істер алға жетелейді

Г. Ермұратова,
“Ауыл жаңалығы”.

Әкімдердің ел алдында есеп беруі-атқарылған жұмыстарды  саралай отырып, алдағы ауқымды міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызатындығы шындық.
20 ақпан күні жұмыс кестесіне сәйкес, аудан әкімі М. Шүкеев Ботамойнақ, ал 21  қаңтар күні Үлгілі, Қостөбе және Қызыл жұлдыз ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Есеп беру кездесуіне  аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев және аудан әкімдігінің бөлім, мекеме  басшылары, халық қалаулылары қатысты.

Есеп беру кезеңінде атқарылған жұмыстар бойынша алдымен Ботамойнақ ауылдық округінің  әкімі Е.Зәуірбеков  баяндама жасады. Көп ұлтты округте мемлекеттік бағдарламалар аясында  қолға алынған игілікті істермен қатар  ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіруге орай жүргізіліп жатқан шаралар да әңгіме өзегіне  айналды.  Бұдан соң  аудан әкімі М.Шүкеев 2014 жылы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы  баяндады.  Мұратхан Жүнісәліұлы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға, төрт түлік малдың басы да өскенін айтып, «Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстарға, сондай-ақ,  жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы, автомобиль жолдарын күрделі және ағымды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім, денсаулық, мәдениет, ветеринария, қоғамдық тәртіптің сақталуы, жастар саясаты, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру бағытындағы тындырылған тірліктер  жөнінде егжейлі-тегжейлі айтып өтті. Алда тұрған міндеттер де назардан тыс қалмады.
Есепті кездесуде сөз алған  ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Р.Ысқақов   аудан, ауыл әкімінің өткен жылғы атқарған жұмыстарына оң баға берсе, шаруа қожалығының жетекшісі К.Шартықбаев  ауыл ішіндегі кейбір көшелер  жөндеуден өтсе, түнгі шамдар орнатылса деген өтінішін білдірді. Ауыл маңына орын тепкен иттерді қорғау ЖШС-інің  жұмысына сараптама жүргізу, балалар сананың өсуіне орай жаңа мектеп салынса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай  ескерткіштерді жөндеу,  ауыз сумен қамту, басылымдарды  апталап емес, уақытымен тарату, Таразға қатынайтын  автобустің қатынасын ретке келтіру, Ботамойнақ ауылындағы көшелерді  жөндеуге қаражат бөлу, Үшбұлақ ауылын  көгілдір отынмен қамту, заңдастырылмаған жер  телімін  заңдастыру жайында айтылған ұсыныстарға аудан басшысы заң шеңберінде жауап берді.
Үлгілі ауылдық округінде өткен жиында аталмыш округтің әкімі Д. Мадешов округтің тыныс-тіршілігі, ауылдың әлеуметтік -экономикалық жағдайы және алда тұрған міндеттер жөнінде баяндап берді. Аудан әкімі М. Шүкеев Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданып, жүзеге асырылып жатқан “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын астық”, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», “Өңірлерді дамыту”, “Өрлеу” бағдарламаларының ауданда жүзеге асыру барысына тоқталып, бірқатар жетістіктерді айтып өтті.
Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 8 цех жұмыс жасайды. Оның 3-і шұжық, 1 өсімдік майын өндіретін, 2 макарон, 1 сүт, 1 нан өнімдерін шығаратын цехтар. Өндірілген өнімді сақтау және қайта өңдеуші өнеркәсіп жүйесі  де іске қосылған.  Аудан бойынша көкөніс сақтайтын 7 қойма бар. Бурыл ауылында жеке кәсіпкер М.Есенбаевтың өсімдік майын шығаратын цехы жұмыс жасауда.Тамшылатып суару технологиясы бойынша  Бурыл, Қостөбе, Мырзатай, Ботамойнақ, Жаңатұрмыс ауылдық округтеріндегі “Байназаров”, “Агали”, “Аман”, “Казаки”, “Мария и К”, “Ердос”, “Манат” шаруа қожалықтары көкөніс егіп, халықты  көкөніспен қамтуда.  Сондай-ақ ауданда мал басын асылдандыру, мал өнімдерінің сапасын арттыру,  тауарлы сүт фермаларын салу жұмыстары қызу қолға алынуда. Аудан әкімі өз баяндамасында аудан бюджеті, салық түсімдері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салалары бойынша да атқарылған жұмыстарды саралап шықты.
Есепті жиында ұстаз Ж.Әлімбекова Үлгілі мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге қаражат бөлінуін, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге жарық пен газ тартуды әңгіме етсе,   зейнеткер, көп балалы ана Н.Дәусариева шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді пайдаланудың маңызын тілге тиек етті. Үлгілі ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә. Садуақасов ауыл тұрғындары атынан сөз алып, аудан басшысының өткен жылы атқарған  жұмысына  қанағаттанарлық деген баға берді.
Сағат 12.00-де Қостөбе ауылдық округінде өткен жиында  ауылдық округ әкімі Т.Есенқұлов  тұрғындар алдында есеп берді. Жиын  барысында аудан басшысы М.Шүкеев өткен жылы жүзеге  асқан игі істер мен  халықтың әл-ауқатын  жақсартуға бағытталған іс- шаралармен қатар  әлеуметтік- экономикалық саладағы қол жеткізген табыстармен таныстырып өтті.  Аудан әкімінің баяндамасын  мұқият тыңдаған қауым көкейлерінде жүрген сауалдарын, ұсыныс, тілектерін тікелей қоюға мүмкіндік алды. Қостөбе мектебіне күрделі жөндеу жұмысы мен ауылдық  дәрігерлік пунктті жылыту  жайы,  Иманжан көшесінің тұрғындары  жүретін жолды заңды шешіп беру мәселелерін  әңгімелеріне арқау етті.
Тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға аудан басшысы нақтылы жауап беріп отырды.
Қызыл жұлдыз ауылдық округінде жиын түстен кейін басталды. Аталмыш округтің әкімі Ө.Нұрбаев  2014 жылы ауылдық округте  атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Аудан әкімі М.Шүкеев  ауыл тұрғындары алдында 2014 жылы атқарылған жұмыстың есебін жасады.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмысын көтеру, жағдайларын жақсарту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Ауылдық жерлерде де  көптеген игі шаралар атқарылуда.  Мемлекеттік жекеменшік серіктестік шеңберінде Сарыкемер ауылында “Еңлік” балалар  бақшасы ашылды. Өткен жылы білім беру нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 157400,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген. Шағын және орта бизнесті дамыту экономиканың ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ауданда кәсіпкерлікті дамыту,  өзінің ісін ашуға және бизнесін кеңейту үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында  жеңілдікпен несие алып,тірліктері алға өркендегендер  қатары күн санап өсіп келеді.  
Қызыл жұлдыз ауылының тұрғындары атынан сөз сөйлеген  ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Дусунбаев аудан әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, алдағы істелінетін жұмыстарға табыс, сәттілік тіледі. Ол сонымен  қатар Н.Ақшабаев  атындағы мектептің  спорт залының кейбір  жерінен су тамшылайтын болғандықтан оны жөндеуге қаражат бөлінсе,   әкімшілік ғимаратының сыртқы  бетін жөндеу, ауыз сумен қамтылмаған  көшелерді қамту жайын сөз етті. Байзақ ауданының Құрметті азаматы Н. Шаухари  ауылдағы емдеу мекемесіндегі  физиотерапиялық кабинеттер қажетті құралдармен жабдықталса, сондай-ақ, газет-журналдар  өз уақытысында оқырмандарға жеткізілсе деген ұсынысын айтты.
Алқалы жиында айтылған мәселелерге қатысты аудан әкімі М.Шүкеев тиянақты  жауап берді. Ел өміріндегі  мерейлі мерекелерді жоғары деңгейде атап өтуде ел бірлігі пен татулығын сақтай отырып, өрелі істерді атқару- әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Обновлено 27.01.2015 15:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін775
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11034
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27664
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279333

Серіктестер