Онлайн газет



Елбасы Жолдауы - халықтың қолдауы

Келешегі  кемел елміз

Ш.Тойшыбеков,
аудандық әділет басқармасының басшысы.

Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын байтақ мекен. Ұлан-ғайыр мекендерді бір-біріне жалғайтын жол десек,  өткен ғасырларда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкенін тарихтан білеміз. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың

бойында екені шындық.
Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысты. Елордамыз- Астана да тоғысқан тоғыз жолдың торабында орын тепкен. Сондықтан аймақтардың  өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырып қана қоймай,  облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтатындығы ақиқат.  Елбасының  өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы мәселеге айрықша мән берілгені баршамызға мәлім.
Біз Жалпыұлттық идеямыз – “Мәңгілік елді” басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміз даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел “Нұрлы Жолға” бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. “Мәңгілік Ел” – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі екендігі анық.  «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан ХІІІ ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Сондықтан отанды сүю арқылы бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау,  өз үлесімізді қосып, егемен еліміздің мәртебесін биіктету- әрбір қазақстандықтың парызы деп білеміз.

 

 

Жемқорлық - әлеуметтік дерт

А.Сейткадырова,
халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне айналған екі мәселе бар. Оның бірі-сыбайлас жемқорлықпен  күрес десек артық болмас. Жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу мақсатында қыруар шаруалар атқарылып, арнайы заңдар мен бағдарламалар қабылданды.ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы Стратегиясының бағыттары да осы мәселемен күреске арналған.
Елбасының  2014 жылғы 11 қарашадағы “Нұрлы жол-болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызын сөз етіп, алдыға нақты міндеттер қойған болатын. Бүгінгі таңда  төрткүл әлем  парақорлықпен күрескенімен оны түбірімен  жойған емес.
Жемқорлық - дерт. Қоғамның дамуына  кедергі келтіретін залалдың  тигізер  зияны орасан. 1998 жылғы 2 шілдеде  елімізде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. Мұнымен қатар  Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да аталмыш дертпен күресті күшейтудің маңызы назардан тыс қалмауда.   «...Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек...» деген болатын Елбасымыз.Олай болса, сыбайлас жемқорлықпен күресте  әрбір ел азаматы  өз міндетіне адал қарап, оның алдын алғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймыз.

Обновлено 27.01.2015 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін744
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11003
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27633
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279302

Серіктестер