Онлайн газет



Имандылық иірімдері

Қайырымдылыққа қайыр көп

Мәуліт-араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген.
Қаңтар айының екінші жұлдызынан бастау алған Мәуліт мерекесінде  қамқорлыққа зәру, жалғызілікті,  қолдауға мұқтаж  отбасыларға қуаныш сыйлаудың өзі бір бақыт. Адам - өзінің адамгершілік парасатының биіктігімен ғана емес, жүрегінің жомарттығымен де көрікті. Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы әл–Фараби: «Адамның бойындағы ең асыл да, сұлу қасиет – қайырымдылық», -деген екен.
Аптаның ортасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың мұрындық болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Бас имамның  ұйытқы болуымен өткеріліп жатқан шарада  Тараз қаласы және аудан орталықтарындағы имандылық үйлеріне  азық-түлік өнімдері жеткізіліп,көп балалы, қамқорлыққа зәру отбасыларына табыс етілуде. Сәрсенбі күні  аудан  орталығындағы “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов облыс имамының атынан  тұрмысы төмен,  көп балалы 7 отбасыға   азық-түлік өнімдерін  табыстады.Мәуліт мерекесі құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разы болған отбасылар атынан сөз алған көп балалы аналар Л.Ізбасқанова мен Р.Алиевалар жомарт жүректі азаматтарға алғыстарын  айтты.

Мәуліт мерекеленуде

Мәуліт мерекесі ауданымыздағы барлық  имандылық ордаларында кеңінен аталып өтуде. Таяуда Қостөбе ауылдық округіне қарасты “Ән-Нағым” және Мырзатай ауылдық округіндегі “Естай баба”  ауылдық мешіттерінде  “Қош келдің, Мәуліт!”, “Адамзаттың ардақтысы” атты тақырыптарда өткен шараға “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов   қатысып,  жиналғандарды ұлық мерекемен құттықтап, аталмыш мерекенің  маңызын сөз етті. “Ән-Нағым” және “Естай баба” мешіттерінің имамдары  С.Шүкіреев, М.Үнетай  Мәуліт мерекесінің шығу тарихына, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с).-ның өнегелі өмірі, асыл дініміз исламды өркендету жолындағы көрген қиындықтарына, көркем мінезіне тоқталды. Бұдан соң Тараз қалалық “ Әулиеата” мешітінің  наиб имамы Ораз Баймаханов Аллаһқа мадақ, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға салауат айтты. Онда Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) дүниеге келуінен бастап, бүкіл саналы ғұмыры арапша және қазақша жан-жақты жеткізілді. Соңынан жиналған жамағат  кең жайылған дастарханнан  дәм татып, ақсақалды қариялар батасын берді.

“Діни шешендіктің сыры”

-атты тақырыпта  Абай ауылындағы клубта жастармен кездесу өтті. Алқалы жиынға қатысқан ауыл жастарына ислам дінінің құндылықтары,  өзге діни ағымдардың  арбауына түскен  жастардың тағдыры, ата-дінімізді құрметтеудің маңызы туралы “Жаныс баба” мешітінің наиб имамы Б.Тоқсейітов жан-жақты мағлұмат берді.Абай ауылдық клубының меңгерушісі Л.Оразбеков тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар болғандықтан, қазіргі таңда жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз еместігін тілге тиек ете келе, ата дініміз туралы өзінің пікірімен бөлісті.
Өзекті мәселені қозғаған жиында  алып діндер: ислам, христиан, будда туралы жан-жақты  мәлімет беріліп,  еліміздегі татулық пен бірлікті сақтау, тәуелсіз еліміздің  өсіп-өркендеуінде жастардың алатын орны,  дәстүрлі діндердің  ұстанған бағыты туралы да  ақпарат берілді. “Жастар орталығының” маманы Р.Ануарбеков   ел  жастары алдында тұрған басты міндетке тоқталды, ата дінімізге адалдық таныту-әрбір мұсылманның парызы екендігін айтты. Жастар арасында экстремизм мен терроризмге жол бермеу, жас буынның бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызын әңгімеледі.
Жиын барысында жастар өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 27.01.2015 11:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін599
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10858
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27488
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279157

Серіктестер