Онлайн газет



Лебіздер легі

Д.Әміров,
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы,
Байзақ ауданының Құрметті  азаматы.

Диірменнің тасындай дөңгелеген уақыт бізді тағы бір жылмен қоштастырып, тағы бір жылмен қауыштырғалы тұр.  Күн тізбегі –айды, ай керуені –жылды толтырып, алға басқан адымыңды айғақтаумен бірге кем түскен тұстарыңа да өз бағасын беретін уақыт – деген ұлы сыншыға адам баласы мейлінше тәуелді.
Осылай дегенде мәртебелі Уақытты ұқыпты пайдаланғанның ұпайы кемімейтінін мойындайсың. Айталық, ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ қазақ жерінде жыл бойы атқарылған жұмыстар қанағат сезіміңді туындатып, бірлігі жарасқан елдің бітімі биіктей берерін көзіңмен көрген сайын көңілің марқаяды.
Қызмет жағдайымен сыртта жүргенімізбен, құлағымыз өзіміз өскен жұртта екенін жасырып бола ма? Байзақ ауданында биылғы жылы 2-3 ауыл көгілдір отынға қол жеткізіп, бірнеше елді мекендердің көше жолдарының реттелуі,  ауызсудың берілуі немесе көпшілік қызметіне арналған нысандардың қатарға енуі,  барлығы анық аймағымыздың ажарланып, өсіп жатқандығының дәлелі ғой. Әрине, бұл тұрғыда аудан басшылығының алған бағыты мен еткен еңбегіне ризашылық сезімімізді сездіріп қойғанымыз мақұл-ау. Аудан халқының өткен жылы өрнекті болса, келе жатқан жылы келбетті болсын. Әр отбасының қуанышы, табысы молайып, ырыс-нәсібі арта берсін деп тілеймін.

Обновлено 08.01.2015 09:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін27
mod_vvisit_counterКеше1047
mod_vvisit_counterОсы аптада3366
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда11007
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262676

Серіктестер