Онлайн газет



Мерекелерімен құттықтады

Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауыштық. Халқымыз «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, келер жылдан үлкен үміт күтіп, жақсылықтар тілейді. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып әрбір адам баласы өткеніне көз жүгіртіп, істеген ісіне баға береді. Осы орайда өткен жылқы жылы ауданымыз үшін  айтарлықтай жетістіктерге толы болды десек қателеспейміз.

Өңіріміздегі өткен жыл еншісіндегі елеулі істерді аудан әкімі М.Шүкеев «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалында өткен келелі кездесуде сөз етті. Мерейлі мереке алдында арнайы осында ат басын бұрған Мұратхан Жүнісәліұлы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерін, нұротандықтарды, «Жұмыспен қамту орталығы»,  аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, кәсіпкерлік бөлімдерінің қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады. Әр саладағы оңды жұмыс нәтижелерін тілге тиек еткен аудан басшысы әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы турасында кеңінен әңгіме өрбітті.
Атап айтар болсақ «Ауыз су», «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Сыбаға» т.б. бағыты айқын жобалардың аудан көлемінде сәтті жүзеге асырылып жатқанын айта келе, бұл ортақ істің жемісі екенін атап өтті. Қандай істе болмасын қолдау көрсеткен еңбекші қауымға алғыс айта келе, жаңа жылда әрбір жаңа бастамалардың тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе беруіне тілектестігін білдірді.
Мерекелік жылы лебіздерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры А.Сқақовтар білдірді.
Мұнан кейін аудан әкімі М.Шүкеев Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, білім, қаржы, ветеринария бөлімдерінің ұжымдарымен жүздесіп, мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде аталмыш сала басшылары А.Серікбаев, З.Дүзенова, Ж.Құмғанбаев, Қ.Оралов жаңа жыл қарсаңында құттықтап келген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алдағы жылы да жарқын болашақ жолында талмай еңбек етуге сендірді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін604
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада2896
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10537
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262206

Серіктестер