Онлайн газет



АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның басында Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров  атындағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған

волейболдан 1996-1997 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының Ауыл жасөспірімдері спорттық ойындары болып өтті. Үш күнге созылған волейбол бәсекесіне Шу, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Мойынқұм және біздің ауданнан 350-ге жуық жас волейболшылар қатысты. Байзақ ауданының намысын қорғаған жасөспірім ұл-қыздарымыз артылған сенім үдесінен шығып, жалпы командалық есепте жүлделі орыннан көріне білді. 
Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған волейболдан 1996-1997 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының Ауыл жасөспірімдері спорттық ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Әнұраны шырқалды. Жарыс қатысушылары алдында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғарғы спорт жетістіктері бөлімінің бас маманы М.Кешкилов, аудан әкімдігі спорт бөлімінің бастығы Ә.Омаров, Ж.Үшкемпіров атындағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қ.Жұманқұловтар құттықтау сөз сөйлеп, сәттіліктер тіледі. Сондай-ақ салтанатты шарада аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерпаздары әннен шашу шашты.
Бас төреші Б.Жылысбаевтың жетекшілігімен өткен волейбол жарысында оған қатысушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ, яғни ұл балалар Н.Киікбаев атындағы орта мектеп пен Ж.Үшкемпіров  атындағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  және Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының спорт залында өзара кім мықтыны анықтаса, екінші топ, қыз балалар Қазақстанның 40 жылдығы, Н.Киікбаев, Сарыкемер орта мектептері мен Ж.Үшкемпіров  атындағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өнер көрсетті. Осылайша үш күн бойы спортсүйер қауымға тартысты бәсеке ұсынған жас волейболшылар жарыс қорытындысында жеңімпаз атанып жатты. Атап айтқанда, ұлдар арасындағы бәсекеде жалпыкомандалық есеппен Меркі ауданынан келген №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейболшылары бірінші орынға, Жуалы ауданы №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы екінші орынға, Талас ауданының №26 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, қыздар арасындағы тартысты өткен бәсекеде Жаңатастан келген №22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орын Ж.Үшкемпіров атындағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің еншісіне тисе, үшінші орын Шу ауданынан келген №32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қанжығасына байланды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған марапаттарға ие болды.

 

Обновлено 05.11.2012 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1410
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада6099
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда22729
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2274398

Серіктестер