Онлайн газет



МАЛШЫ ҚАУЫМДЫ АРАЛАДЫ

А.Алдабергенов,
«Ауыл жаңалығы».

Биылғы қыс Байзақ өңірінде жайлылық танытып тұр. Дегенмен, қыстың алғашқы айы шаруа қауымға жайлы болғанымен, қаһарына мінетін «кәрі құданың» өзгеше мінез көрсетері анық. Өңірдегі малшы қауымның жағдайы қалай?
Осы сұраққа жауап іздеген аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков бастаған аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінен және аудандық денсаулық сақтау саласы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған бір топ мамандар аймақтағы мал қыстауларын аралап, шопандар отбасының тіршілігімен танысып қайтты.
Үш топқа бөлініп, мал қыстауларын аралаған сала басшылары Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында малшы қауымның отбасыларына деген сый-сияпаттарын көрсетіп, олардың қысқы науқанға дайындықтарын қадағаласа, денсаулық сақтау саласының мамандары малшылар жанұясының денсаулықтарын тексеріп, қажетті медициналық көмектерін көрсетті.
Дулат Сұлтанбеков, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары:
-Біз облыстық штабқа ауданның атынан тиесілі ақпараттарды беріп отырамыз. Біздің өзіміздің пайымдауымыз бойынша аман-есен осы қыстауға түсіп отырған малды төлдету науқанына жеткізіп, биылғы жылы аман-есен осы қыстан шығуға толық мүмкіндігіміз бар.
Өмірбек Бүтінбаев, «Нұр Бота» шаруа қожалығының жетекшісі:
-Теледидар хабарларын күнде көріп жатырмыз. Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауын мұқият тыңдадым, онда атап көрсетілген міндеттерді толығымен қолдаймын. Ал, өзімізге келер болсақ, малшыларға керекті бар жағдайды жасап отырмыз. Малға дайындаған жем, шөп қоры жеткілікті. Көмірі, газы бар, азық-түліктері жеткілікті.
Бір сөзбен айтқанда, шопандар ел өміріндегі жаңалықтардан толық хабардар. Газет-журнал оқиды, радио тыңдап, теледидар көреді. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдаулары жайында мол мәлімет алғандарын айтады.
Зихия Дуанбекова, «Жапырақты» шаруа қожалығының жетекшісі:
-Елбасы жақсы сөздер айтып жатыр ғой, ақыл-кеңесін, бағыт-бағдарын беріп жатыр қазақ баласына. Түсінетін адам түсініп жатыр оны. Жақсы сөздер айтып жатыр. Мысалға мал өсіру керек дейді. Малға жақсы қарау керек. Біз де мал басын өз төлі есебінен көбейтуді мақсат етіп, еңбек етудеміз.
Мал қыстауларының арасы онша қашық емес. «Тораңды», «Мыңшұрат», «Қарғалы», «Арыстан» шаруа қожалықтары да бір-бірімен хабарласып отырады. Медицина қызметкерлері жиі аралап, малшылардың хал-жағдайын біліп тұрады.
Қыс – қатал сыншы болса, мал қыстату – маңызды науқан. Сондықтан ауданның барлық аймағында жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қора-жайлар жөндеуден өткізілді. Дегенмен, сынағы көп мұндай қыста шаруаға ұқыпты қарау ғана өз нәтижесін береді-дейді мамандар.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ауданда отыз төрт мыңға жуық мүйізді ірі қара, тоғыз жарым мыңдай жылқы, сегіз жүздей түйе, екі жүз отыз бес мыңға жуық уақ мал қыстамаға түсіп отыр.

Обновлено 08.01.2015 09:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін941
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3233
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10874
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262543

Серіктестер