Онлайн газет



Менің атам осындай!

А. Молдабекова,
Абай ауылы. 9-сынып оқушысы.

Мұхаммед Пайғамбар бір іс бастарда «Бісміллә рахман рахим» деп бастайды екен. Бұл қазақшалағанда «Аса қамқор ерекше мейірімді Алла атымен бастаймын» деген сөз. Міне осы сөзді басшылыққа ала отырып мен де осы еңбегімді бастадым. Жазып отырған тақырыбымның аты «Менің атам осындай».
Атам Мұстафин Молдабек 1938 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Абай колхозының, Жаңасаз ауылында дүниеге келген. 1945 жылы Жаңасаз жеті жылдық мектебінің бірінші сыныбына барып, 1952 жылы бітірді. Одан кейін 1952-1953 жылдары Ново-Ивановка ауылындағы мектепте оқып, 1954 жылы Жамбыл қаласындағы, Жамбыл орта мектебінде он жылдықты бітіріп шығады. 1955 жылы Жамбылдағы СПТУ-33 бітіріп, «Абай» колхозында механизатор болып істеп, 1957-59 жылдары Совет Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. 1960 жылдан бастап Абай мектебінде, 1982 жылға дейін, химия-биология пәнінен сабақ беріп, 1983 жылы колхоздағы «кәсіподақ» ұйымының төрағасы болып жұмысқа ауысқан. Одан кейінгі жылдары: колхозда бригадир, гидротехник, инженер, бас агроном болып қызмет атқарып, 2000 жылы зейнетке шықты. Еткен еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі атағын алған.
Пайғамбар жасқа жеткенде намаз оқып, ораза ұстап, имандылыққа бет бұрды. Атам қартайдым деп қарап отырған жоқ. Егін егіп, өнген жемісін терді. Ең қызығы, өзі тұратын киелі шаңырақтың кірпішін қалаған да сол атам.
Атам мен әжем 9 перзент дүниеге әкеліп, өсірді. Бүгінде 28 немере, 2 шөбересінің қызығын көруде. Әулетіне арнап «Әке арманы» атты кітап шығарды. Бұдан бөлек «Ауыл азаматтары», «Ұстаздық еткен жалықпас», «Қазақ халқының жұлдыздары», «Бәйдібек баба – алып бәйтерек ұрпақтары» атты кітаптары да оқырманның сүйіспеншілігіне бөленді. Бүгінде атам «Өмір өзен» атты туындысын дайындау үстінде.
Атам 2010 жылы инсульт ауруынан ауырып қалып, сол қолы істемей қалды. Соған қарамастан өмірден мойымай, немерелеріне әңгіме айтып, ұрпағының иманды, инабатты болып өскенін қалайды. Оларды жақсы көріп, айналып, толғанып отырады. Кішкентайларының аз ғана жетістіктеріне қуанып қалады. Міне менің атам осындай!
Иә, әулетімізде қандай мереке болса да атамыздың батасын алмай    бастамаймыз. Өйткені осы күнге жеткеніміздің себепшісі де сол кісінің арқасы. Апам екеуі талай қиындықтан өтіп, еңбектеніп, бізді ел қатарына қосты. Сол үшін де оларға мың алғыс.

Обновлено 08.01.2015 09:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1376
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10398
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6305
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257974

Серіктестер