Онлайн газет



Ардагер қауымының өрнекті ісі

Қ.Құдайбергенов,
«Айтқұл-Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік, салиқалы да сындарлы саясатының нәтижесінде ел мерейі қашанда асқақ. Бүгінде қазақ елін дүниежүзі елдерінің қауымдастығы түгел таниды, әрі онымен санасатын дәрежеге жеттік. Сыртқы саясатты былай қойғанның өзінде, ішкі саясат та түбегейлі жаңа арнаға түсті. Тұрмысымыздың барлық саласы да ұлы өзгеріс көшіне ілескен. Ел құқық заңнамалары да өркениетті мемлекеттердің үрдісімен жаңаша бағыт ұстануда.
Қалай десек те, Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бағыты – жасампаздық. Ел жаңа қоғам табалдырығында тұр. Ел аумағындағы ішкі құрылымдар да жаңа үдеріс жолында. Солардың бірі – үкіметтік емес ұйымдар да өз жұмысын бүгінгі талапқа сай жетілдіру үстінде.
Ауданымыздағы, өзінің негізін өткен жылғы 1 сәуірде қалаған «Айтқұл-Ардагер» қоғамдық бірлестігінің құрамында 10 зейнеткер бар. Бірлестік мүшелері содан бері көптеген игілікті істердің атқарылуына мұрындық болуда, Бүгінде алды 75, арты 63 жастағы еңбек ардагерлері үйде қарап отыруды жөн санамай, қоғамдық жұмыстардың белсенділері болып табылады. Әсіресе, С.Айтбаев, Ш.Таңатаров, Қ.Құдайбергенов, Н.Гулалиев, О.Танабаев, Ж.Қосшыбаев, М.Оразбаевтар уақытпен санаспай, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылуда.
Мысалы, былтырғы жылдың көктемінде қоғамдық бірлестік шефтік көмекке алған Сарыкемер, Бәйтерек, Қосақ, ауылдарына ортақ, қараусыз қалған Қосақ қорымында бірлестік мүшелері Н.Гулалиев пен Ш.Таңатаровтардың ұйымдастырушылығы арқасында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам: осы екі зейнеткер Қосақ, Тәжік, Бәйтерек ауылдарының тұрғындарынан ақшалай  қаржы жинап, аталған бейіт басына шырақшының үш бөлмелі үйін тұрғызды. Ал, аудандық мәслихаттың депутаты, Байзақ аудандық электр желілері мекемесінің басшысы Р.Сәрсенов өзінің жеке қаражаты есебінен 50 дана төбе-жабындысын (шифер) сатып алып беріп азаматтық танытты. Сөйтіп,  еңбек ардагерлері ескі қорым мен жаңа бөлінген танапты айналдыра, болашақ қоршаудың орнын трактормен екі қайтара тегістеп шықты. Ал, жаңа орын жүйек-жүйекке бөлініп, арасына тал-дарақтар отырғызылды. Ал, бейіт алдындағы төменгі сайға, жолдың екі жағына 30-30 дан жалпы саны 60 түп жеміс ағаштары отырғызылды. Бұған Бәйтерек ауылдық еңбек ардагерлері бастауыш ұйымының төрағасы Шапай Таңатаров  қария басшылық етуде.
Биылғы көктемде Бәйтерек ауылының солтүстік батысындағы жаңа ауыл көшелеріне еңбек ардагері, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, аудандық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры С.Наурызбаевтың көмегінің арқасында 150 түп сәндік тал-дарақтар отырғызылды. Сондықтан, қоғам үшін игілікті іске атсалысқан атпал азаматтар Р.Сәрсенов пен С.Наурызбаевтарға деген алғысымыз шексіз.
Үстіміздегің жылдың мамыр айының 6-сы күні, Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай өткізілген «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлердің аудандық патриоттық әндер байқауында қоғамдық бірлестіктің «АйСәбҚал» үштігі (А.Мамытқұлұлы, С.Айтбаев, Қ.Құдайбергенов) екінші орын алып, округ әкімшілігінің мерейін үстем етті.
Бұл үштік жуырда облыс орталығындағы қалалық мәдениет үйінде өткен, ұлы Жеңістіқ 70 жылдығына арналған ардагерлердің облыстық фестивалінде де жүлделі орынға шығып, мақтау-марапаттауларға ие болды.
Қазақстан Республикасының Медиация туралы 2011 жылы 5 тамыз күні қабылданған Заңына байланысты республика аумағында медиация институттары құрыла бастады. Соған орай биылғы жылы «Айтқұл-Ардагер» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған бітімгерлер құрамы 26 адамға артты. Бүгінгі таңда Байзақ аудандық бітімгерлер қауымдастығында жалпы құрамның 3-і кәсіби бітімгерлер болып табылады. Алғашқы қадамын  ширақ бастаған жаңа қоғамдық құрылымның бүгінгі аяқалысы көңіл көншіткендей.
Биылғы 27-і сәуір күні «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері Ассоциациясы» жастар қоғамдық бірлестігінің құқық және бітімгер орталығында «Соттың араласуынсыз шешетін дау-шар институтын ұйымдастыру және өткізу» жобасы бойынша Тараз қаласында өткізілген семинар-тренингте ауданымыздағы кәсібиемес бітімгерлердің 8-іне бітімгерлік ісін жүргізуге құқық беретін арнайы сертификаттар табыс етілді.
Бітімгерлер қауымдастығының бітімгерлері С.Айтбаев пен Ш.Таңатаровтар жақсы қырларынан көрінуде. Мысалы, олар Бәйтерек ауылындағы Ә.Жанқұлиев көшесінің тұрғыны Нұрманова Рано Орынбайқызының арызы бойынша көтерілген мәселені, екі жақты ымыраға келтіріп, бір бітімге тоқайластырып бітімгерлік миссиясын адал атқарған. Қауымдастықтағы әр бітімгерге жұмыс жүргізетін ауданы белгіленіп берілген.
Үстіміздегі жылы аудандық прокуроратураның ұйымдастыруымен Қазақстанның 40 жылдығы атындағы  және Сарыкемер орта мектептерінде бітімгерлер семинарларын өткіздік. Мұнда Байзақ аудандық бітімгерлер қауымдастығының төрағасы А.Мамытқұлұлы, аудан прокурорының көмекшісі Айым Рыспанова, облыстық «Бұқаралық ақпарат  құралдары қызметкерлерінің Ассоциациясы» жастар  қоғамдық бірлестігінің құқық және бітімгерлік Орталығының жетекшісі Л.Сафоновалар баяндама жасады.
Ал, жуырда аудандық соттың ұйымдастыруымен өткізілген «Ашық есік» күні іс-шарасында аудандық соттың төрағасы Д.Тасыбаев, судья А.Назарқұлов, сот кеңсесінің меңгерушісі А.Узбекова, соттың жетекші маманы Ж.Мәлібекова, кәсіби бітімгерлер Д.Мелдебекова, Ә.Ильясова, С.Айтбаев, кәсібиемес бітімгерлер Н.Қуанышбаева, Ш.Таңатаров, С.Балабеков, Н.Гулалиевтар ашық әңгіме қозғап, бітімгершіліктің болашағы туралы ой бөлісті.
Бүгінде аудан атырабындағы ауылдардың бітімгерлерін жасақтау ісі жалғастырылуда. Бұл іске алғашқылардың бірі болып атсалысқан Ынтымақ ауылдық округінен Асан Әлмақашов, Ботамойнақ ауылдық округінен К.Шартықбаев, П.Әйтімбетова, Ә.Жоланов, Қ.Түркеев, А.Қаратаевтар мен Бурыл ауылдық округінен С.Қуатбеков, Ж.Мұқанов, Түймекент ауылдық округінен О.Бозай, А.Тышқанбаевтар бітімгерлік миссиясын жауапкершілікпен атқаратын жандар. Бүгінгі күн талабы бойынша әр ауылда бір бітімгер болуы керек. Сондықтан, алдағы уақытта да бұл үрдіс өз жалғасын табатұғын болады. Біздің мақсат, аудан өңіріндегі барлық ауылдарды түгел қамту болып отыр.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1047
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10069
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5976
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257645

Серіктестер