Онлайн газет



Қой жылында жақсылықтар көп болсын!

Қ.Ахашев,
ЖД 158/5 мекемесінің психологі.

Әне-міне дегенше  өткен жыл тарих қойнауына еніп, Жаңа жыл да табалдырығымызды аттады. Жаңа жыл-жарқын да шуақты мереке. Өйткені  босағамызды аттаған жылдан адамзат баласы   жақсылықтар күтеді.
Еліміз үшін ең бастысы-тәуелсіздікке қолымыз жетіп, азат ел атандық. Тәуелсіздіктің 23 жылында еліміз  бірталай жетістіктерге қол жеткізді, бүгінде дамыған елдермен терезесі тең мемлекет құрдық. Сондықтан өзінің тілі, рәміздері, Ата заңы, салт-дәстүрі қалыптасқан егемен елдің ұрпағы болудың өзі бақыт екенін сезінгенде бойыңды қуаныш  кернейді.
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз. Тарих қойнауына енгелі отырған жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды. Өткен жыл біздің ауданымыз  үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Аудан аумағында тұңғыш рет  “Еңлік” атты жекеменшік балалар бақшасы ашылды. Ауылдық дәрігерлік тірек, халыққа қызмет көрсететін нысандар салынып,  елді мекендердегі жолдар  жөнделді. Көптеген  жұмыс орындары ашылып, шағын кәсіпкерлік те өрістеп келеді. Мемлекеттік бағдараламар аясында толымды тірліктер қолға алынып, өз жемісін беруде. Аудан орталығындағы Астананың 10 жылдығы атындағы саябақта “Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың” ескерткіші ашылды.Жалпы аудан аумағында атқарылған тірліктер ертеңгі күнге деген  сенімді нығайтып, құлшына еңбек етуге жұмылдырады.
Астана біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Қазақстан - күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетке айналды,  Елбасымыздың   “Нұрлы  жол- болашаққа жастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды жұмыла еңбек етуге жол ашып отыр.
Өткен жылға өкпеміз жоқ. Келер 2015 жыл еліміз үшін жемісті, жақсылығы мол жыл болсын дейміз.  Егемен еліміз өркендеп, мәртебесі биік, мерейі үстем болуы жолында қажырлылықпен еңбек ете берейік.
Жаңа жыл құтты болсын!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1002
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10024
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5931
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257600

Серіктестер