Онлайн газет



Жаксылык жанды жадыратады

Г. Әбдіқұлова.
“Ауыл жаңалығы”.

Тағы бір жылды аяқтап, жаңа 2015 жылды қарсы алуға дайындалудамыз. Жұрт көңіліне жаңа бip үміт сыйлайтын Қой  жылы босағадан аттағалы тұр. Жаңа жыл десе, Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтетін балалар үшін Аяз атадан артық жомарт жан, Жаңа жылдан артық мереке жоқ сияқты.
Жасыл құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан  бүлдіршіндер- ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы. Жаңа жыл  қарсаңында  жылдағы үрдіс  бойынша  аудан әкімдігі гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшелері  және  іскер әйелдер қауымдастығы көп балалы отбасының балаларына арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Астана»  балалар бақшасының кіреберісінен көрермендер залына дейінгі аралықтың барлығын жасыл шыршамен қоршап, түрлі-түсті шырақтар орнатылған. Жарқ-жұрқ - еткен шырақтар арасында өз қалауынша билеп жүрген риясыз көңілдердің жарқын жүзін аңғару қиын емес. Бір-бірін айнала билеген балалармен бipre әсем безендірілген жасыл шырша да айналып тұр. Шараның шырайын аталмыш бақшаның бүлдіршіндері  сахналаған  «Жеті лақ» ертегісімен ашылды. Әсем ән мен әдемі биге қосылған бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақшақарға арнап тақпақтарын айтып,  әуелете ән салып, мың бұра билеп сыйлықтар мен тәттілерге ие болды. Ертегі кейіпкерлері: Мыстан кемпір, Аю,   Қасқыр, түлкі және жыл басы Қой-қошақандарымен  бірге  балалар  ертегі әлеміне сапар шеге жүріп, өз өнерлерін де көрсетіп, тапқырлық ойындарын ойнады.
Жиналған көпшілік пен балғындарды  аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев құттықтап, жақсылықтар тіледі. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Т. Кадимова  елімізде жасампаз істердің барлығы жеткіншектердің жарқын болашақтары үшін жасалып жатқандығын атап өтті.  Балаларға оқуда зерек, білімді азамат боп өсулеріне тілектестігін білдіре келе,   қауымдастық атынан 25 балаға  киімдер мен тәттілер табыс етті. Осымен  бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылған қайырымдылық шара аясында сөз алған  Байзақ ауданының Құрметті азаматы  Б.Әбдірахманова,  аудандық мәслихаттың депутаты А.Үкібаев, Сарыкемер және  Бәйтерек ауылдық округтерінің әкімі С.Тілеуқұлова,  М.Қилыбаев, кәсіпкерлер  Л.Жабатаева, С.Ақылбаевалар баланы қуантудың маңызын сөз етті.
Қуанышқа толы кеш соңында көп балалы аналар Р. Иваненко мен Ж.Джасаровалар балаларды қамқорлық құшағына алған іскер әйелдер қауымдастығына барлық аналар атынан алғыс айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Мерекелік  думанда  бүлдіршіндер  түрлі ойындар ойнап, ән салды,  көз тартар билерімен көпшілікті  тәнті етті.

Обновлено 08.01.2015 09:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1329
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10351
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6258
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257927

Серіктестер