Онлайн газет



Есен биіктен көрінді

Халқымыздың ұлттық спорты – қазақша күрестің соңғы жылдары өрісі кеңіп, онымен шұғылданушылар саны күннен-күнге арта түсуде. Бұл спорт түрі алғаш рет 1938 жылы ресми түрде мойындалып, Алматыда өткен колхозшылардың республикалық спартакиадасының бағдарламасына енгізілген. Міне, содан бері ұлттық спортымызды ұлық тұтуға арналған түрлі айтулы шаралар ұйымдастырылып келеді. Алдымен Еуразия, одан кейін әлем барысы сайыстарында күш сынасқан палуандарымызға кейінгі буын жастарымыз да еліктеп, қазақ күресінің мәртебесін асқақтатып келеді.
Солардың бірі Сарыкемер ауылында тұратын, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Көбейсінов Есен Павлодар қаласында өткен «Жас Барыс» республикалық сайысынан жүлделі І-орынды иемденіп қайтты.  200-ге тарта спортшы қатысқан дүбірлі додада бақ сынаған Есен ешкімге дес бермей, биіктен көріне білді. Ол бұл сайыста 46 кг салмақта өнер белдескен-ді.
Есен 2008 жылдан бері Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде тәлім алып келеді, ал, оны бұл спортқа баулыған белгілі жаттықтырушы Абылай Бошқайтегі шәкіртінің қазіргі аяқ алысына дән риза. Жас спортшы бұдан бұрын да аудандық, облыстық жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп жүрсе, «Ауыл ойындары» республикалық жарысында І орынды бағындырған. Бүгінде Есен қазақша күрес бойынша өткізілетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық үстінде. “Спортты жанына серік еткен Е.Көбейсінов оқуда да озат”- дейді оның ұстазы Меруерт Қалиева.
Қалай дегенде де, жаңа жыл қарсаңында ауданның спорт саласына тамаша тарту жасаған Есенге еңбегің еселене түссін демекпіз.

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.01.2015 09:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1195
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10217
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6124
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257793

Серіктестер