Онлайн газет



Болашақтың бағдары

А. Мамытқұлұлы,
Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Жуырда ғана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Бәйтерек ауылдық округінің  ардагерлері еліміздің жарқын болашағы үшін жүргізіліп отырған сындарлы да салиқалы саясатын бір ауыздан қолдап, алдағы келешекке үлкен үмітпен қарайтындығын білдірді.
Аталмыш Жолдауда ел әлеуетін асырар тұрмысымыздың барлық түйткілді жағы қамтылыпты. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалық жоспарлар көңіл көкжиегін кеңейтіп, болашағымыздың жарқын болатынына сенім ұялатты. Жолдауда Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу тұрғысында келелі мәселелер алға тартылып, жаңа Қазақстандық патриотизмді дамыту керектігі тілге тиек етілген. Әсіресе, 2015 жылы Қазақстан Ассамблеясы жылы деп жариялануы ерекше маңызды болмақ. Бүгінгі таңда ел аумағында іргелі жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Оның жарқын куәсі ретінде  бір ғана Батыс Қытай – Батыс Еуропа күре жолын, ел тынысын кеңейтетін инфраструктуралық құрылымдардың қанат жая түсуі ел әлеуетін асырар жоспарлар екенін біздер, ауыл ардагерлері қуанышпен қарсы алып, қызу қуаттаймыз. Мұнда азаматтық қоғам туралы да айрықша аталған. Келешегі кемел елдің белсенді мүшелері әлеуметтік-мәдени құндылықтарды сақтай  отырып, әкелер даңқымен жас патриоттарды қалыптастыруда биік белестерді бағындаратын ұрпақ тәрбиелеуді де естен шығармағанымыз жөн.
Жалпыұлттық Мәңгілік ел идеясын басты бағдарламалық  меже етіп алған қазақстандықтар ел алдындағы ауқымды жоспарларды  да еңсеретіні айқын. Дүниедегі көптеген мемлекеттер дағдарысқа ұшырап жатқанда тұрақты дамудың Қазақстандық (моделі) үлгісі бүгінде бүкіл әлемді тәнті етіп отыр. Міне осы бағытта еңбек етіп, тер төгіп жатқан қазақстандықтар алда тұрған іргелі істерді де еңсеретініне сенім зор.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1222
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10244
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6151
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257820

Серіктестер