Онлайн газет



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- азаматтық борыш

Ж.Наурызбаев.
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының  бас маманы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлықтың нақты түсінігі және құқық бұзғанға жауапкершілік шаралары белгіленген. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, не мүлiктiк пайда алу үшiн   олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы, оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп есептеледі. Сонымен қатар, пара беру де қылмыстық іс болып табылады.
Ел болып еңсемізді көтеріп, төрткүл дүниеге қазақ елін – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныттық. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1023
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10045
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5952
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257621

Серіктестер