Онлайн газет



Ана да, бала да риза болды

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Жаңа жыл-айрықша мереке.  Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тосын сый күтетін  мереке қарсаңында Дихан ауылдық округінде  “Көп балалы аналарға құрмет көрсетейік” атты қайырымдылық шарасы өткерілді.
Аталмыш  шара барысында  округтің әкімі О. Ақылбаев  жиналғандарды  Жаңа жыл мейрамымен құттықтап,   елімізде аналар мен балаларға жасалып жатқан қамқорлықтарға тоқталды. Көп балалы аналар мен бүлдіршіндерді  жаңа жылмен құттықтап, жақсылықтар тіледі.
Дихан ауылдық округіне қарасты Дихан, Жеңіс, Аймантөбе ауылдары мен “Денсаулық” саяжайында тұратын 18 көп балалы отбасыларына  жаңажылдық  тартуларды табыс етті.
- Жаңа жыл-балалар үшін сиқырлы мереке. Мереке алдында көп балалы аналар ды құрметтеп жатқан   округ  әкімшілігіне алғысымыз шексіз,-дейді   сегіз баланың анасы Б. Кеукенбаева.
Ал өз  кезегінде бүлдіршіндер   алғыстарын өлеңдермен жеткізді.
Мына алмағайып заманда адамға ең керегі қайырымдылық пен мейірім, шапағат. Осыны жанына ұялата алған жүрек ешқашан қартаймайды. Өйткені, оның айналасына шашқан шапағат нұры өзгенің ғана емес, өзінің де жүрегін жылытып тұрары анық. «Бір бала қуанса, мың періште шаттанады» демекші, ауыл әкімі Олжас Бахытұлы,  “Үш  ару” шаруа қожалығының жетекшісі А. Көлбаев секілді қажет жерде қамқор қолын созып жүрген жанның жақсылығы өзгелерге де үлгі болары анық.

Обновлено 29.12.2014 16:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1108
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10130
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6037
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257706

Серіктестер