Онлайн газет



МАЛ ҚЫСТАТУ – ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Қыс – қатал сыншы болса, мал қыстату – маңызды науқан. Сондықтан ауданның барлық аймағында жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қора-жайлар жөндеуден өткізілді. Дегенмен, сынағы көп мұндай қыста шаруаға ұқыпты қарау ғана өз нәтижесін беретіні анық.
Қазір қаһарлы қыстың алғашқы айы. Дегенмен, екі-үш рет жауып, айналаны ақ мамыққа бөлеген ұлпа қардың ұшқыны жоқ қазір. Қыс мезгілі екенін ызғарлы қара суықтан-ақ сезгендейміз. Күні ертең қаһарына мінген «кәрі құданың» төбе көрсетері кәміл. Біздің өңірдегі малшылардың қыс мезгіліне дайындығы қалай?
Осыған орай, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі берген мал қыстату науқанына дайындық барысы туралы мәліметтерге көз жүгіртсек.
Ауданымызда үстіміздегі жылғы мал қыстату науқанына - 33761 бас мүйізді ірі қара, 234 250 бас қой-ешкі, 9 421 бас жылқы, 786 бас түйе, 1 440 бас шошқа малы мен 262 650 бас құс түсіп отыр екен. (Жалпы шартты мал саны - 59500 бас.) Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың көпшілігі құм өңіріндегі шұраттарға, «Ақшолақ» және «Чапаев» жиектерінде шоғырланыпты.
Жалпы қысқы мал азығын дайындау мақсатында 34 687 гектар шабындық шабылса, оның ішінде 16 700 гектары көп жылдық шөп есебінде екен. Жалпы дайындалуға берілген тапсырма – 108 080 тоннаны құраса, биылғы ауа-райының қуаңшылығына қарамастан бүгінгі күнге -110 241 тонна шөп артығымен дайындалыпты. Бұдан бөлек 8 325 тонна сабан дайындалған. Бүгінгі күнге шаруашылықтарға мал қыстату науқанына ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында арзандатылған бағамен кебектен -140 тонна бөлінген.
Қыстау орындарында дайындалған жем-шөп көлемі жеткілікті, әр отар басында кемінде - 70,80 тонна шамасында шөп жиналған. Сатып алынғанымен қосқанда кұнарлы жем-23 985 тонна дайындалған.
Қыстаудағы 237 малшының үйлері жеке меншікте болғандықтан толық жөндеуден өтіп, отын - сумен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қыстау орындарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қыс айларында жем-шөп таситын және жол тазалайтын шаруашылық техникалары қарастырылыпты. Барлық қожалықтың қарамағындағы малдарының қоңы жақсы. Түрлі ауруларға қарсы толық дәріленуден өткен және жұқпалы аурулардан таза. Қазіргі таңда төрт түлік малдан ризық-несібесін терген аудан шаруалары қыс қаһарын жеңу үшін ұйымшылдықпен еңбек етуде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін984
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10006
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5913
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257582

Серіктестер