Онлайн газет



Елбасы Жолдауының маңыздылығы түсіндірілді

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен жұмада  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев ауданымызда болды. Жанында облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков бар ақпараттық насихат тобы Елбасы Жолдауын  тұрғындарға кеңінен түсіндірді.
Сарыкемер орта мектебінде өткен басқосуға мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар мен жастар қауымы,  ұстаздар қатысты. Жиынды аудан әкімі М.Шүкеев ашты. Ауданымызға арнайы іссапармен келген қадірменді қонақ  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың он бірінші айдың он бірінде халыққа жолдаған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауын  үлкен-кішіге әңгімелеп берді. Жаңа экономикалық саяси құжаттың басым бағыттарымен бөліскен ол, Елбасының айтқандарын мысалға келтіре отырып, Жолдауды жұртшылыққа ұтымды насихаттауға тырысты.
Серікбай Өрікбайұлы тарихи маңызы зор биылғы Жолдаудың үлкен жоба екендігін айта келе, ондағы басымдықтардың түрлі салалардағы оң ықпалы жөнінде сөз қозғады. Жол салу мәселесі, білімге бетбұрыс, жұмыс орындарын ашу, өнерді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдауларды нақты дәйектермен келтіре отырып, ұлт көшбасшысының жылдағы халыққа Жолдауларын әлем жұртшылығы да қызу талқылап, қолдау көрсететіндігін мақтанышпен айтты. С.Нұрғисаев қазақ тілінің мәртебесін арттыру, ауызбірлік пен тыныштықты ту ету, жалпы ұлттық құндылықтарымызды ұлық тұту – басты парыз екендігіне де ерекше тоқталды. Көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Мұнан кейін мінбеге көтерілген қазыналы қария Ө.Баушенов биылғы жылдың бас құжатынан алған әсерімен бөлісіп, «Президенттің жолдардың көптеп салынуы, бизнесті қолдап, 100-ге жуық елдің өз инвестицияларын Қазақстанға құятынын айтқанын естіп қуанып жатырмыз» деді. Ал, Сарыкемер орта мектебінің мұғалімі, жас маман Б.Сұрапалдиев жыл сайынғы Жолдауларда жастарға қамқорлық назардан тыс қалмайтындығын ауызға алып, биылғы құжатта жаңа экономикалық саясат пен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына басымдық берілгені үлкен серпін сыйлап жатқанын атап өтті.
Жалпы, бас-аяғы екі сағатқа жуық уақытта өткен келелі жиыннан жұрт ерекше әсер алып, тарасты.

Обновлено 26.12.2014 11:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін946
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9968
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5875
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257544

Серіктестер