Онлайн газет



Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

 

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Жаңа жыл-балалардың асыға, шынайы ғажапты, сыйлықтарды күтетін мерекесі. Бұл күні бала біткен мәз-мейрам болса, ересектер «ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын»  деп кең дастархан басында жүрекжарды тілектерін айтатын айрықша күн.
Өткен сенбі күні «Шыңғыс» мейрамханасында аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балаларына арналған аудан әкімінің жаңажылдық  шыршасы өтті. Алуан түрлі ойыншықтармен  безендіріліп, алтын алқа тағынған шырша маңына жиналған  балғындар құрметіне  түрлі концерттік нөмірлер қойылып, олардың көңілін көтеретін қызықты бағдарламалар тарту етілді.
Алдымен қиял-ғажайып ертегi кейiпкерлерiн сомдаған аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымының өнерлерiн қызыға тамашалады. “Мәңгілік Ел” атты қойылымның басты кейіпкері: өгей қыздың  шырша алып келу үшін орманға   баруы, әбден шаршаған соң ұйықтап жатып,  көрген түсінде  “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған,  қарты да, еңбектеген баласы да мамыражай тіршілік кешіп жатқан “Мәңгілік Елді” көріп жатып, оянып кететіндігі   нанымды шықты. Қасына келген ақ шапанды, ақ сақалды  қария  жаураған Қарша қызға жылы киім беріп, қасына ертіп, “Мәңгілік елді” іздеуге бет алады.  Сиқырлы карта арқылы жол көрсеткен Дара  қызбен  бірге сапарға шыққан Аяз Ата  мен Қарша қыз жолда Аю, Түлкі, Қасқыр, Жылқыға кездесіп, “Нұрлы жол” поезына мінеді. Алып мемлекеттерден өтіп, Астанаға  жеткен олар “Мәңгілік елге” тап болады.  Байзақ датқаның 225 жылдығын тойлаған  байзақтықтардың табыстарын көзімен көрген Аяз Ата мен Қарша қыз “Нұрлы жол” поезымен “Шыңғыс” мейрамханасына атбасын тірейді. Осы сәтте Жылқы жылы көпшілікпен қоштасып, ортаға  ойнақтап шыққан 2015 жыл-Қой жылын  балғындар әсем әнмен, күміс жырмен, тәтті күймен қарсы алды.
Жаңажылдық қойылымды тамашалаған  өскіндерді  аудан әкімі М.Шүкеев құттықтап, 100 балаға қыстық  киімдерді табыс ете отырып, ақжарма тілегін білдірді. Білім бөлімінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік Ел” қойылымын әзірлеген балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымына алғысын айтты.
Аудан әкімінің  қайырымдылық шыршасына қатысқан балалар  арнайы әзірленген  тіл үйірер тәттілерден дәм татып, Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлықтарына қарық болды.
Дәл осы күні аудан бойынша жалпы  529  балаға аудан әкімінің жаңажылдық сыйлықтары табысталды.

Обновлено 26.12.2014 11:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1073
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10095
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6002
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257671

Серіктестер