Онлайн газет



Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- міндетіміз

Аудан әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында осы мәселе сөз болды. Аталмыш комиссияның мүшелері мен аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысқан жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі, комиссия төрағасы М.Шүкеев – мемлекеттік рәміздерді қадір тұту әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігін баса айтты.
Мұнан соң  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы М.Махамбетов ауданда мемлекеттік рәміздерді қолдану, пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстардың жайы туралы баяндама жасады.
Комиссия отырысында мұнымен қатар, Жаңатұрмыс, Үлгілі ауылдық округтерінің әкімдері Қ.Шалбаев, Д.Мадешов мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастырылуының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз етудегі атқарған жұмыстары жайлы әңгіме етті.
Отырыс соңында Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1490
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10512
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6419
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258088

Серіктестер