Онлайн газет



Атқарылатын істер аз емес

Таяуда аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты  аудан әкімі М.Шүкеев ашып, күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырды.
Мұнан кейін «Аудандағы діни бірлестіктердің жұмыстарының жайы туралы»   аталмыш кеңестің хатшысы, аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов баяндама жасады. Баяндамашы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР  заңы аясында  жұмыс істеп жатқан  мешіттер жайында, ислам дінінің құндылықтарын  құрметтеу,  жат ағымдардан сақ болу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша өткерілген  шаралармен қатар жастардың діни сауатын көтеру бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде  айтып өтті. Бұдан соң сөз алған “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов  “Аудандағы мешіттердің жұмысының жайы туралы” деген тақырыпта баяндама жасап,  жыл бойы атқарылған  шаруаларға тоқталды, алда тұрған міндеттерді сөз етті. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, барша адам баласын бейбітшілікке, туралыққа, тыныш өмір сүруге шақыратын хақ дініміз – Ислам жайлы терең түсінік беріліп келе жатқандығы, елді-мекендердегі имандылық ордаларындағы  қолға алынған және алдағы жоспарланған жұмыстар слайд арқылы көрсетілді.
Жалпы отырыста тындырылған тірліктер мен атқарылар істер де талқыланды. Ауыл имамдарына жүктеліп отырған  міндеттердің ауқымдылығын аудан басшысы  сөз ете отырып, жастар арасында ата-дінімізді құрметтеу, өзге діннің жетегінде жүрген қандастарымызбен түсінік жұмыстарын жандандыру  жайын да  әңгімеледі.
Жалпы отырысты аудан әкімі М.Шүкеев қорытты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1423
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10445
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6352
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258021

Серіктестер