Онлайн газет



ТИІМДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты – мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан қазіргі таңда сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді меңгеріп, педагогикалық білімін жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жуырда Сарыкемер орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды орындату арқылы оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке үйрету жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті. Физика пәні мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмыстарды орындату арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудағы шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, озат тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілген шарада облыстық оқу-әдістемелік кабинет басшысы Шахризада Усерова, аудандық оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева және Сарыкемер орта мектебінің директоры Мұхит Нәметқұловтар семинар катысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасына сәйкес, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының мұғалімі Қанат Сейдібаевтың «Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілу әдісімен өлшеу» атты зертханалық жұмысы және Көктал орта мектебінің мұғалімі Кенжебала Қазыбаеваның «Дыбыс. Дыбыс толқындары» тақырыбындағы эксперименттік жұмысымен  басталған тәжірибелік сабақтарда оқытушылар жаңа форматта сабақтар көрсетті.
Бұдан кейін Сарыкемер орта мектебінің мұғалімі Базаркүл Боранбаева «Физика-поэзия әлемінде», Үлгілі орта мектебінің мұғалімі Күлпан Шаухарова «Эксперименттік есептерді шығару жолдары», Н.Киікбаев орта мектебінің мұғалімі Ғалия Серекова «Жол. Орын ауыстыру. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс» және Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының мұғалімі Сән Бисалиева «Ғажайып физика» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өткізді. Сондай-ақ семинар-практикумның екінші бөлімінде «Физика и лирика» тақырыбында Талас ауданы А.Пушкин орта мектебінің мұғалімі Гүльзахира Нурбекова интеллектуалды шоу, Жуалы ауданы Жетітөбе орта мектебінің мұғалімі Жеңіскүл Сапарбаева «Эксперименттік есептерді шығарту арқылы зерттеушілікке үйрету», Меркі ауданы №22 орта мектептің мұғалімі Мадина Сман «Дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігі», Жамбыл ауданы М.Әуезов орта мектебінің мұғалімі Шолпан Жанаева «Физикалық турнир» сабақтарын өткізсе, Қордай ауданы №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептен келген мұғалім Ләззат Керімбаева «Радиация және тіршілік» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Практикум жұмысының соңында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Ұлбосын Амреева «Физика пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»  тақырыбындағы баяндамасын семинар қатысушыларының назарына  ұсынып, әріптестерімен іс-тәжірибе бөлісті.
Облыстық семинар дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Дөңгелек үстелде Жамбыл облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Айсұлу Көшкінбаева сөз сөйлеп, семинарға қатысушылардың өткізген ашық сабақтары мен іс-шаралары туралы пікірлерін ортаға салды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.12.2014 10:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1252
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1252
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8893
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260562

Серіктестер