Онлайн газет



Алуан-алуан ақпарат

ЮНЕСКО-ның мүшелігіне кірді

Г.Қошқарбаева,
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары.

ЮНЕСКО- Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Ол 1945 жылы құрылған. Жалпы, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда күрделі реформалар жүзеге асқаны белгілі. Бұл қатарда отандық білім беру жүйесін халықаралық білім кеңістігінің талаптарына сәйкестендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы атқарушы кеңестің, Келісім және ұсыныстар жөніндегі комитеттің, «Ақпарат барлығы үшін» үкіметаралық кеңестің және ЮНЕСКО-ның бірқатар сайлау органдарының құрамына кіреді.
Үстіміздегі жылы шілде айында «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінде өткен алқалы жиында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі ЮНЕСКО құрамына қабылданды. Астанадағы аталмыш шараға қатысқан мектеп директоры Г.Есентаева білім ордасының жұмыс жүйесін, жетістіктерін айтып, біздің биік белесті бағындыруымызға мол үлесін қосты. Осы орайда білім ордасының мәртебесін одан әрі көтеру бағытында бар білім мен біліктілігімізді аямай жұмыс жасау әрбір ұжым мүшесінің абыройлы міндеті.

Ел мәдениеті тілден басталады

К.Нурбаева,
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Байзақ аудандық бөлімше оқытушысы.

Қандай да бір халық туралы білгің келсе, оның тілін, дінін, салт-дәстүрін зерттеу керек екен. Бүгінгі таңда көп тіл беру – қажеттілік. Ал мемлекеттік тілді білу – парыз. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Мемлекет басшысының Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамытудың маңызын айрықша атап өткен болатын.
Мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек, өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Тіл мен қарым – қатынас біріккенде ғана сыйластық,  достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болды деп айтамыз. Ал ең бастысы, тілді  үйрену – Отаныңды тану.  Отанды тану арқылы ана тіліңді қадірлеу,  ұлт дінін, қасиетін,  мінезін, ойы мен жандүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту. Демек ана тіліміздің  мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту арқылы  тіліміздің абыройын асқақта беретін боламыз.

Тіл мәртебесін арттыруға арналды

Ғ.Мұратбаев атындағы  мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Мектепбаеваның ұйымдастыруымен «Тілдарын-2014» байқауы болып  өтті. Байқаудың шарттарына сәйкес, сайысқа қатысушы  тіл шеберлерінің үш тілді (қазақша, орысша, ағылшынша) еркін меңгере білуі жан-жақты қазылыққа салынды. Байқаудың негізгі мақсаты- оқушылардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, үш тілді (қазақ, орыс, және ағылшын)  жетік  меңгерген оқушыларды анықтау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Байқауға қатысушылар үш кезең бойынша яғни, таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» өткізу, берілген тақырып бойынша үш тілде эссе жазу, берілген мәтін бойынша үш тілде ілеспе аударма жасау мүмкіндігі бойынша бақтарын сынады.
Қорытынды есеп бойынша 8 «а»сынып оқушысы М.Тұрсынхан І орынды, 8 «в» сынып оқушысы К.Ян ІІ орынды, 8 «а» сынып  оқушысы А.Сейсенбаева ІІІ  орынды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Біліктілігін байқатты

Ұстаздардың біліктілігін байқау мақсатында «Үздік оқытушы -ұйымдастырушы» сайыстары өткізілетіні белгілі. Мұндай жарыс мектептердің алғашқы әскери дайындық оқытушылары арасында да ұйымдастырылып тұрады. Міне, осындай аудандық іс-шарада алдыңғы қатардан көріне білген Үлгілі орта мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Өмірбек Жарбосынов облыстық «Алғашқы әскери даярлық пәнінің үздік оқытушы-ұйымдастырушысы -2014» байқауына қатысып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті тарапынан Алғыс хатпен және Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Мадақтама грамотасымен марапатталды. Байқаудың басты талаптары -  шығармашылық жинақ папкасын өткізу,  тест тапсырмаларын орындау, шеберлік сыныбында бақ сынау және түрлі жаттығуларда ептілігін көрсеткен Өмірбек  Зайнуллаұлына бұл жеңіс оның жастарды әскери патриоттық тәрбиесіне қосқан елеулі еңбегі үшін берілгені анық.

Ата-ана – мектеп тірегі

Сарыкемер орта мектебінде 1-11 сыныптар арасында «Бала – менің бақытым» тақырыбында ата-аналармен коучинг сессиялар өткізілді. Сонымен қатар 3-4 сыныптың ата-аналары арасында «Отбасы - өмір аясы» отбасылық Толағай спорттық жарысы қызғылықты өтті.
Сынып жетекшілері мұндай бірлескен сабақтар арқылы ата-ана мен бала арасында тығыз қарым-қатынасты орната алатынын, бала тәрбиесіндегі және оқудағы кездесетін кедергілердің алдын алуға септігі тиетінін байқады. Ата-аналар үшін «Ата-ана қамқорлығы», «Бала арманы» тақырыптарында видеороликтер көрсетіліп, талқыланды. «Көңіл күйді реттеу» тренингінде ата-аналар мен оқушылар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Облыстық семинар-практикум

Н.Абдибекова,
№3 Байзақ колледжінің әдіскері.

Таяуда №3 Байзақ колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінен облыстық семинар практикум өтті. Барлығы 33 оқытушы, сонымен қатар  Жамбыл облысы білім басқармасының бас маманы Н.Жарқынбеков, әдіскер Ч.Естаев қатысқан іс-шарада №3 Байзақ колледжінің А.Ә.Д пәнінің оқытушысы О.Түгелбаев өзінің шеберлігін көрсетіп, “Мотоатқыш взводы мен ротасын ұйымдастыру және ұрыс қимылдарының негіздері”, “Автоматты (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтау”, “Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы” тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.
Қыз-елдің көркі

Ж.Әбдімомынова,
9-сынып оқушысы.

Таяуда  Амангелді атындағы орта мектебінде «Сырласу» қыздар клубының жетекшісі Ш.Бектурусова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Байдаралинованың ұйытқы болуымен  “Қыз-елдің көркі” атты  тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жаңатұрмыс ауылдық округінің отбасылық амбулаториясының акушер-гинекологы Л.Құдайбергенова және бас дәрігер С.Трущеева «Ерте жүктіліктің алдын алу жолдары туралы» кеңестер өткізіп, видеороликтер көрсетті. Мектеп психологы Е.Әлмерекова мен мектеп медбикесі Л.Базарханова және құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Шахметова  қыз баланың тәрбиесі,  жеке бас тазалығы туралы  ойларын ортаға салды.  
Жиын барысында «Сырласу» қыздар клубының мүшелері де өз ойларымен бөлісті. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Байдаралинова   қыз баланың тәрбиесі-баршаға ортақ іс екендігін айтып, жиынды қорытты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін10
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1466
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9107
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260776

Серіктестер