Онлайн газет



Тәуелсіздік күні тойланды

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Тәуелсіздікті әр азамат мақ­тан тұтады. Ал тәуелсіз елде тұру әр адам үшін шынайы ба­қыт. Еліміздің  бас мерекесі Тәуелсіздік күні еліміздің түкпір-түкпірінде бар сән-салтанатымен тойланды. Айтулы мерекені тойлауға  байзақтықтар орталық алаңға көптеп жиналды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған  еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре болысып жатты.
Дәулеті артып, ынтымағы жарасқан  аудан халқы алдымен  әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің және білім беру ошақтары өнерпаздарының бірлескен мерекелік  концерттік бағдарламасын  тамашалады.   Күміс көмей әншілердің әуелете салған  халық және эстрадалық әндері  көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсіресе, дүбірлі мереке ажарын  ұлттық ойындар келтірді. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен волейбол, қол күресі,  бөренеге өрмелеу, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат секілді спорт түрлерінен  жарыстар  өтіп, оза шауып бәйге алғандар  бағалы сыйлықтарға ие болды. Волейболдан-бірінші орынды Түймекент, екінші орынды Қостөбе, үшінші орынды Бәйтерек ауылдық округтерінің командалары  иемденді. Қол күресінен бірінші  және үшінші орынды Суханбаев ауылдық округі иемденсе, екінші орын тұғырынан Түймекент ауылдық округі көрінді. Бөренеге өрмелеуде жаңатұрмыстықтар дес бермей бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орын Жалғызтөбе мен Үлгілі ауылынан келген  жігіттерге бұйырды. Арқан тартуда Үлгілі-бірінші.  Суханбаев-екінші, үшінші орынды Көптерек ауылдық округі иемденді. Тоғызқұмалақ пен шахмат ойындарында   Көптерек, Суханбаев және  Сарыкемер ауылдық округінің  спортшылары  жүлдегер атанды. Сондай-ақ аудан орталығындағы  Сарыкемер, Қазақстанның 40 жылдығы, Н. Киікбаев атындағы орта  мектептерде спорттық шаралар өткеріліп, жеңімпаздар   сыйлықтарға ие болды.
Жалпы еліміздің ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күні барлық ауылдық округтерде  мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Обновлено 23.12.2014 10:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін243
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1699
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9340
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261009

Серіктестер