Онлайн газет



Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен 11 қараша күні, Елбасы ел халқына кезекті «Нұр жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жолдағаны белгілі. Бас құжат жарияланған сәттен бастап халық қызу талқылау үстінде. Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіру үшін республикалық, облыстық, аудандық  ақпараттық топтар  құрылып, жер-жерлерде насихат іс-шаралары жүргізілуде. Осы мақсатта бейсенбі күні, Қазақстан Республикасы ішкі істер Минстрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин бастаған ҚР ІІМ-нің өкілі Қайрат Мурзашев, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы Дидар Рахманбердиев ауданымызға ат басын тіреді.
Қадірменді қонақтар алдымен Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты Байзақ ауылындағы С.Абланов орта мектебінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Қазыналы қариялар  мен ұстаздар қауымы, ауылдық амбулатория дәрігерлері және жастар жиылған жиында сөз сөйлеген ауылдық округ әкімі Е.Зәуірбеков Елбасының сара саясатымен Қазақстан қарыштап дамып келе жатқанын атай отырып, әр жылғы Жолдаулардың еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызын ауызға алды.
Мұнан соң мінбеге көтерілген ҚР ІІМ-нің өкілі Қайрат Мурзашев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында басымдық берілген мәселелерді жеке-жеке атап өтті. Ұлттық мүддеге жауап беретін – Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруда баршаны лайықты үлес қосуға шақырды.  Қайрат Темірұлы сонымен қатар, алдағы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойы Жамбыл облысында аталып өтілетіндігін қуанышпен жеткізді.
Жолдау ұғымының жалпы мән-маңызы, құжатты жариялаудағы негізгі себеп-салдар және биылғы Жолдаудың құрылымдық негізін жілік-жіліктеп Қазақстан Республикасы ішкі істер Минстрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин айтып берді.
Жиында Елбасының «Нұр жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан алған әсерлері мен жылы пікірлерін С.Абланов орта мектебінің директоры А.Есжанова және ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Р.Ысқақов білдірісті.
Кездесу жиыны аяқталып, жергілікті халық ауылдық әкімшілік ғимаратында өткен жеке қабылдауға кезек алды. Қабылдауда болған  ауылдық дәрігерлік-амбулаторияның бала дәрігері Г.Жүсіпахметова, ауылдық округ ардагерлер алқа кеңесі төрағасының орынбасары Ә.Бозғұлов, зейнеткер Б.Қожантаев, ауыл әкімдігінің бас маманы М.Асқаровтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдар жолдап, тиісті жауаптар алды. Оның ішінде: әлеуметтік инфроқұрылымдар мен көліктік-логистикалық инфроқұрылымдарды дамыту бойынша жасалатын жұмыстар, т.б. көкейкесті сұрақтарға ҚР  ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Б.Бердалин, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы Д.Рахманбердиев және аудан әкімінің орынбасары С.Жұмағұлұлы жауап қатты.
Ауданымызға жұмыс іс-сапарымен табан тіреген республикалық, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері аталмыш ауылдағы  балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының және жылыту батареяларын шығаратын «Шойын-Темір» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты.

Обновлено 23.12.2014 10:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін174
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада2466
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10107
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261776

Серіктестер