Онлайн газет



Жастар – болашақ тірегі

Ж.Әбдімомынова,
Амангелді атындағы орта  мектебінің 9-сынып оқушысы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Амангелді атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары арасында талқыланды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Байдаралинова, құқық ісі жөніндегі орынбасары Г.Шахметова, тарих пәнінің мұғалімі Н.Маженовалардың мұрындық болуымен 9-10-11-сынып оқушыларымен «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» атты конференция сабағы ұйымдастырылды. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықна арнаған «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жастардың бойындағы патриоттық, отансүйгіштік сезімін оятатындығы айтылып, халықаралық достық, еңбексүйгіштік пен жетістікке жетудегі көшбасшымыздың ерен еңбегі аталып өтілді.
Құжатта сөз болған басты мәселелер туралы мектептің 9-сынып  оқушысы Қ.Күзенбай, 10-сынып оқушысы А.Үсенәлі баяндай келе, мемлекетімізде болашақ бастауы - жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар жайында өз ой-пікірлерін ортаға  салды.
Шындығында да Жолдауды оқи отырып әрбір оқырман бойына ерекше күш-қуат алады екен.   Ең бастысы еліміздің бас қаласы - Астанамызға жан –жақтан келіп қосылатын теміржол, әуе жолдары, тас жолымен байланыстар жақсаратындығына үлкен-кіші қуанышпен қарауда. Мұндай қадамға бару арқылы түрлі салада, яғни сауда-саттық, экономикалық байланыстардың күшейетіні анық.
Біз болашағы жарқын, тәуелсіз елде өсіп келеміз. Ол біздің бақытымыз. Бақыт деген - ертеңге деген үлкен сенім. Бұл жолда қыруар жұмыстар жасалуда. Ендігі мақсат - Отанымыздың кемел келешегі нұрлы жолда аянбай еңбек етіп, бірлік пен ынтымақта Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1048
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8461
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4368
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256037

Серіктестер