Онлайн газет



Мақсат-сапалы қызмет көрсету

Г. Ибрайханова.
Байзақ аудандық қазынашылық  басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Байзақ аудандық қазынашылық басқармасы мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің рәсімдік шоттар жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Мұнымен қатар мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимылдары Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы 220 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібі негізінде жүргізіледі.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаражаттарының мақсатты жұмсалуы мен уақтылы игерілуі қазынашылық басқармасының жұмысты ұйымдастыруына да байланысты.
Байзақ аудандық қазынашылық басқармасы бойынша қызмет көрсетілетін мекемелер саны 48 оның ішінде: республикалық бюджеттен –3, облыстық бюджеттен –8, жергілікті бюджеттен - 37. Сонымен қатар мемлекеттік ақылы қызметтер бойынша жұмыс жүргізетін  1 шот,  10 депозиттік  және 18 жергілікті өзін-өзі басқару шоттар  ашылған.         Мемлекеттік мекемелер 2012 жылдың тамызынан «Қазынашылық – клиент» жүйесіне өткен төлем құжаттары электронды түрде жүргізіліп жатыр. «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесінің алдында тұрған стратегиялық міндет, мемлекеттік бюджеттің атқарылу процесінде мемлекеттік мекемелерге қазынашылық қызмет көрсету сапасының арттырылуы болып табылады.
Үстіміздегі жылғы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы басқарма ұжымында талқыланды. Жолдауда жүктелген  міндеттерді орындауға өз үлестерімізді қосу біздің басты парызымыз.
Басқарма қызметкерлері жұмыс барысында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен уақтылы аударылуын қадағалаумен қатар, бюджет саласы қызметкерлерінің айлық жалақыларының уақтылы берілуі мен салық төлемдерінің уақтылы аударылуын қамтамасыз етуінің арқасында ауданымыздың бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдері бойынша жоспарының толық орындалуына өз үлестерін қосуда.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін547
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7960
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3867
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255536

Серіктестер