Онлайн газет



Прокуратура күніне арналды

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Мемлекет билігі органдары жүйесінде Прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттелген. Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, азаматтардың құқығын қорғау жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналады. Ал бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.
Бүгінде кәсіби мерекелерін үлкен жетістіктермен қарсы алып отырған аудандық прокуратура қызметкерлері азаматтардың заң алдында теңдігін, құқықтары мен бостандықтарының танылуын сақтауда толайым табысты еңбек етуде. Халықтың лайықты құрметі мен зор сеніміне ие болып отырған аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Нұрлан Асабаев басқарып отырған ұжым, прокурорлық қадағалау мен тексерудің сапасын арттырып, аудан көлемінде заңдылықтың үстемдік құруын қамтамасыз етуде білімдері мен біліктіліктерін аямай жұмсап келеді.
6 желтоқсан – Прокуратура күні мерекесіне орай, аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Сарыкемер орта мектебінде шағын футболдан турнир өткен болатын.
Аяқдопшылардың физикалық дайындықтарының деңгейін жоғарылату, шағын футболды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулықты нығайту мақсатында өткізілген жарысқа Тараз қаласынан келген «Педагогикалық институт», «РЭЧ», «Аманжол» және «СОБР» командалары мен  аудан аумағындағы елдімекендерден құралған «Байзақ», «Қызыл жұлдыз», «Ботамойнақ» және №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс қатысушылары алдында аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Нұрлан Асабаев, облыстық мәслихаттың депутаты, Н.Киікбаев атындағы орта мектеп директоры Асқар Бекбауов, ардагер спортшы Ермек Сламовтар сөз сөйлеп, сәттіліктер тіледі.
Ойын нәтижесі бойынша жүлделі ІІІ орынды тараздық «СОБР» командасы, ІІ орынды «РЭЧ» командасы, І орынды «Педагогикалық институт» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар аудандық прокуратура атынан қаржылай сыйлықтар мен марапаттарға ие болып, жүлделі І орынды иеленген командаға ауыспалы кубок табыс етілді. Сондай-ақ алаңда жақсы ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» бағамдары беріліп, Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Обновлено 12.12.2014 15:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1275
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8688
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4595
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256264

Серіктестер