Онлайн газет



Әлем чемпионына құрмет көрсетілді


Жерлесіміз  Жасұлан Қыдырбаев  жақында  Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында 94 келі салмақта Әлем чемпионы атанды. Ол  жұлқа көтеруде  алғаш 175 келіні,одан соң 179 келіні еңсерді. Ал серпе көтеруде 215, 221 және 229 келіні бағындырған-ды.  Қос сайыс нәтижесі бойынша 408 (179-229) келіні көтеріп, әлем чемпионы атанған Жасұланды сәрсенбі күні аудан әкімі М.Шүкеев  қабылдап, сый-сияпат көрсетті.

Аудан басшысы Байзақ өңірінің даңқын асырған спортшылар: грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, бокстан Атланта және Сидней Олимпиадаларының күміс жүлдегері, әлем кубогінің иегері Болат Жұмаділов, бокстан Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері Болат Ниязымбетов, самбошы, Еуропа чемпионы Алмас Мұсабековтердің  ізін жалғастырған, зілтемірші Жасұланның алар асуы әлі алда екендігін айтып, табыстар тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов  жүрекжарды лебізін білдіріп,  батасын берді.
Байзақ өңірінің ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатқан Жасұлан 2011 жылы Тайландта өткен Азия чемпионатында бірінші, 2012 жылы Паттаяда  жастар арасында  өткен Азия чемпионатында бірінші орынды иеленген екен. 
Күш атасы атанған Қажымұқан, Балуан Шолақ  аталарымыз секілді  елінің мәртебесін биіктеткен, қазақтан шыққан алғашқы чемпион атанған зілтемірші Жасұланды жеңісімен құттықтай отырып,  шығар тауың биік болсын демекпіз.

Өз тілшіміз.

Обновлено 09.12.2014 10:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін298
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4391
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда298
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251967

Серіктестер