Онлайн газет



Аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді

Бесінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV-сессиясының жұмысына төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Нұрғали Үкібаев сессияның аудан әкімінің ұсыныс хаты негізінде шақырылғанын, оның жұмысына шақырылған азаматтар құрамы туралы хабарлама жасап, сессия күн тәртібі мен регламентін бекітіп алған соң, бірінші мәселе бойынша мәлімдеме беру үшін сөзді аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековке ұсынды.
Өз кезегінде баяндамашы облыс мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №32-2 шешімі негізінде ауданның 2014-2016 жылдарға арналған бюджетіне өзгеріс енгізу бойынша ұсынылған шешім жобасымен таныстырып, депутаттардан оны қабылдауын сұрады.
Алдын ала айта кетерлік жәйт, аталмыш сессия күн тәртібіне шығарылып отырған үш мәселе де аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында жан-жақты талқыланғандықтан, сессия жұмысы барысында қайта талқылауды қажет етпеді. Сондықтан да депутаттар олардың әрбірі бойынша шешім жобаларын негізінен бірауыздан, тұтастай қабылдады.
Атап айтқанда, күн тәртібіндегі екінші және үшінші кезекте “Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы” және “Байзақ ауданының Құрметті азаматы” атағын беру туралы” мәселелер болатын.
Үшінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары, аталмыш комиссия төрағасы Ә.Қилыбаев сөз алып, комиссия мүшелері өз жұмысын қатаң түрде облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген “Ауданның Құрметті азаматы” атағын беру туралы Ережесінің негізінде жүргізгендігін айтып, “Байзақ ауданының Құрметті азаматы” атағына лайық деп іріктелген азаматтардың тізімімен таныстырып, бекітуін сұрады. Олар: бүгінде еңбек ардагерлері Бахтыгүл Абдрахманова Ешенқұлқызы мен Әбдіралиев Ермахан Әбдірәліұлы,  “Достық-99” шаруа қожалығының жетекшісі Битабаров Бөкенбай Ізтілеуұлы, “Алди и К” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Есенқұлов Жамалбек Қожабекұлы және “Құрылыс жоба инжиниринг” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Еркімбек Қуатбеков.                Өз тілшіміз.

Обновлено 09.12.2014 10:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін889
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4982
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда889
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252558

Серіктестер