Онлайн газет



Ернұр алдыңғы шепте


Жуырда қазақ гуманитарлық  заң университетінде «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІІ республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат - жастардың көпшілік алдында қысылмай, еркін сөйлеуіне ықпал ету. Сауатты әрі әдемі сөйлей білу де үлкен өнер дейтін болсақ, үрдіске айналып үлгерген аталмыш сайысқа еліміздің барлық аймақтарынан белсенді ұл-қыздар екі топта бақ сынады. Яғни, өзара қазақ және орыс тілдерінде пікірсайысқан қатысушылар қоғам өміріндегі маңызды мәселелер – білім беру,  жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық, жұмысқа орналасуда кездесетін кедергілер, волонтерлікті дамыту, жастардың патриоттық сезімін ояту тақырыптарында шеберліктерін танытты.  Мұнда сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық мәселелер, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы да кеңінен талқыланды.
Ең қызығы, дарынды жастардың арасында Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар орталығының» директоры Е.Мадияров та бар.  «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогін жеңіп алған Ернұр жарыс қорытындысы бойынша «Үздік спикер» номинациясымен де марапатталды.
Жүлдегерді жуырда аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы  жеңісімен құттықтады. Жастар – жарқын болашақ кепілі екендігін ауызға алған аудан басшысы «Жастар орталығының» директоры Ернұр Мадияровқа алда да алдыңғы шептен көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 09.12.2014 10:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін455
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4548
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда455
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252124

Серіктестер