Онлайн газет



Бірлескен істе береке болады

Халық қалаулылары тұрғындардың мұң-мұқтажы мен талап-арыздары бойынша жұмыс жасайды дейтін болсақ, ақсақалдар - ел тілеушісі, жол сілтеушісі. Жуырда осы екі тарап бірігіп, бір үстелдің басында ой бөлісті. Байзақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудандық ақсақалдар алқасы төрағасымен өткен дөңгелек үстелді мәслихат хатшысы Н.Үкібаев

ашып, жүргізіп отырды. Нұрғали Көбейұлы аудандық депутаттар мен ауыл ақсақалдарының халықпен жұмыс істеуде бірлесе әрекет етуі маңызды екендігін айта келе, осы мәселе бойынша қатысушыларды пікір алысуға шақырды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов ел бірлігін сақтау мен қоғамдық мәселелерді шешуде - қазына қарттар мен депуттардың ынтымақтаса жұмыс жасауы қажет екендігін, әсіресе жастар бойына Отансүйгіштік сезім ұялату, алдағы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойына дайындықты күшейту, Сарыкемер ауылындағы Талас өзені жанынан ашылған демалыс аймағын ретке келтіру, ауданда ардагерлер үйін ашу, елдімекенімізде халал асхана тұрғызу мәселелерінде депутаттардың көмегі қажет екендігін алға тартты.
Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, №2 Амангелді сайлау округінен депутат А.Исабаев, №4 Сазтерек сайлау округінен депутат С.Рәпілбековтер де  көпті көрген, көненің көзі қариялармен етене еңбек ету жемісті нәтиже беретіндігін сөз етіп, өз сайлау округтері бойынша атқарылған іс-шаралар барысымен таныстырды.
Дөңгелек үстел қорытындыланып, қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1042
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада5135
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1042
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252711

Серіктестер