Онлайн газет



БАСТЫ МАҚСАТ-МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ

Бүгін Қазақстан Прокуратурасы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Оның қалыптасу тарихына қысқаша көз жүгіртер болсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік прокуратурасы 1922 жылдан бастап, Әділет ұлттық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: дербес болып, Әділет ұлттық комиссариатының жанынан Прокуратура басқармасы құрылды.
Прокуратураның дамуындағы маңызды кезең 1936 жылы басталды, ол кезде КСРО-ның жаңа Конституциясы Қазақстанға егеменді Одақтық Республика құқығын берген болатын. Осы уақыттан бастап, мемлекеттік прокуратура құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады. 1937 жылдың қарашасында Әділет ұлттық комиссариаты мен прокуратураны бөлу бұйрығы шығып, Прокуратура органдары тікелей КСРО-ның Бас Прокурорына бағынды. Қазақстан прокуратурасы органдарының тарихында ауыр кезеңдер де болды. Тек ғана бір 1937 жылы бұл құрылымнан негізсіз 40 қызметкер жұмыстарынан босатылды, олардың кейбірі қамауға алынып, сотталды. Ұлы Отан соғысы жылдары көптеген тергеушілер мен прокурорлар отан қорғауға өз үлестерін қосты. Соғыстың тек бірінші жылында Қазақстан прокуратурасының 885 қызметкерінің 411-і соғыс майданына аттанды.
Қазақстан өз алдына Тәуелсіздік алғаннан кейін Прокуратура органдарының құрылымы мен қызметі өзгерді. Дегенмен, сала қызметінің басты бағыты - ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала берді.
1991 жылдың 6 желтоқсанында «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды. Осы датаға орай, күнтізбеде жаңа мереке - Прокуратура органдарының құрылған күні пайда болды.
Мемлекет билігі органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттері жүктелген. Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, азаматтардың құқығын қорғау жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналады. Ал бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.
Бүгінде кәсіби мерекелерін үлкен жетістіктермен қарсы алып отырған аудандық прокуратура қызметкерлері азаматтардың заң алдында теңдігін, құқықтары мен бостандықтарының танылуын сақтауда толайым табысты еңбек етуде. Халықтың лайықты құрметі мен зор сеніміне ие болып отырған аудан прокуроры Нұрлан Асабаев басқарып отырған ұжым, прокурорлық қадағалау мен тексерудің сапасын арттырып, аудан көлемінде заңдылықтың үстемдік құруын қамтамасыз етуде білімдері мен біліктіліктерін аямай жұмсап келеді.
Елбасының және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдағы әлеуметтік-саясаттық тұрақтылық мәселесіне, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбекақы сұрақтарына бағытталған тапсырмаларды мүлтіксіз орындауда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 1774 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, 180 заңсыз актілер, ауылдық округ әкімдерінің 20-ға тарта шешімдеріне наразылық келтіріліп, 140 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 225 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ағымдағы жылы аудандық прокуратура қызметкерлері тарапынан 11 қылмыстық іс қозғалып, 90-нан астам ұсыным, мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғаларға қатысты 105 наразылық іс қаралып, мемлекет қазынасына 37,5 миллион теңге қайтарылған. Аудандық прокуратураның талап-арыздары негізінде жалпы сомасы 26 миллион теңге  облыстық мамандандырылған-экономикалық ауданаралық соты және аудандық сот арқылы қанағаттандырылған.
Прокуратура қызметкерлері күні қарсаңында қызығынан гөрі қиындығы басым салада талмай еңбектеніп келе жатқан сала қызметкерлерін редакцияның шығармашылық ұжымы атынан төл мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекетіміздің игілігі, халқымыздың амандығы үшін атқарып отырған ерен еңбектеріне табыс тілейміз. Егеменді елімізде заңдылықты нығайтуға қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз әрқашанда нәтижелі және қомақты болып, халықтың лайықты құрметіне бөленіп, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз.

Ізгі тілекпен  аудандық
“Ауыл жаңалығы” -
“Сельская новь” газетінің шығармашылық ұжымы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін173
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4266
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда173
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251842

Серіктестер