Онлайн газет



Жауапты мамандық иесі

Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан заңдардың нақты және бірыңғай орындалуына қадағалау жүргізуші құқық қорғау органдарының күрделі жүйесінде маңызды орын алады. «Прокурор» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда «қамқорлық көрсету» деген мағына береді екен. Олай болса, заңдылықты қорғау – тек құрметті ғана емес, сонымен қатар жауапты іс.
Еліміз егемендігін еңсергеннен бастап, прокуратураның жауапкершілігі арта түсті. Десе де, оның қызметінің басты бағыты, ол - ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала беруде.
Жыл сайын 6 желтоқсан күні прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осынау айтулы күннің қарсаңында Байзақ ауданы прокурорының көмекшісі Айым Рыспанованы сөзге тартқан болатынбыз:
- Қазақстан Республикасының құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алатыны белгілі. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Бұл орган сонымен қатар, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды, полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын, азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын, сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын, сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын  қадағалауды жүзеге асырады.
Байзақ аудандық прокуратурасында бас прокурор Асабаев Нұрлан Қалтайұлы бастаған 6 жедел қызметкер, барлығы 8 адам жұмыс атқарады. Аудандық прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда елеулі еңбек етіп келеді. Солардың ішінде әсіресе, аға көмекшілер Зухра Айтжанова, Болат Қалыбаев, көмекші Еркін Матжанов сынды білікті мамандардың есімдерін ерекше атап өткім келеді, - деген Айым Абдыманапқызы әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыстар тіледі.
Айтқандай, осы салада 7 жылдан бері қызмет атқарып жүрген Айым да өз ісіне ұқыпты маман. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген ол 3 баланың анасы. Әрі ана, әрі келін, әрі аса жауапты қызметті қатар алып жүрген қайсар қазақ қызын біз де мерейлі мерекесімен құттықтаймыз.

Өз тілшіміз.



Обновлено 09.12.2014 10:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін542
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4635
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда542
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252211

Серіктестер