Онлайн газет



Тәуелсіздік – басты құндылық

А. Сейсембаева,
“Мемлекеттік тілді оқыту орталығы” Байзақ аудандық бөлімше оқытушысы.

Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз “Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас” деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыз көптеген қиындықты бастан кешті, талай азапты көрді. Дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны

білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті, ерлікпен шайқасты. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке  1991 жылы 16 желтоқсанда қолымыз жетті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды.
Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары   қиындықтарды жеңе білген халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам  тастай бастады. 1998 жылдың соңына қарай  елде экономикалық ілгерілеу  басталды. 1997 жылы жаңа ел орталығын таңдап, Алматыдан Ақмолаға – қазіргі Астанаға  көшірілді. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүше болып кірді. Осы жылдың 4 маусымында – Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Дәл осы жылда 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында – Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы болды. 1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әнұраны қабылданды. 2006 жылы қазіргі «Менің Қазақстаным» әні Әнұран болып бекітілді.  Елім деген  Алаш арыстарымен, дініміз бен тіліміз, салт-дәстүрімізбен қайта қауыштық. 
“Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі  ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді” деп, Елбасымыз айтқандай,  бүгінде қазақ елін әлем таниды, санасады. Киелі жерімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Жыл өткен сайын  мемлекетіміздің тұғыры биіктен көрініп, даңқымыз асқақтап тәуелсіз ел ретінде әлемге танылып, туымыз биікте самғап келеді. Мұның бәрі еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі деп білеміз.   
Тәуелсіздік - басты құндылық. Сондықтан әрбір қазақстандық ел тыныштығы мен бірлігін көздің қарашығындай сақтай отырып, тәуелсіздіктің қадірін біліп, оны бағалай білуіміз қажет деп ойлаймыз.

 

Обновлено 09.12.2014 10:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1090
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада5183
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1090
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252759

Серіктестер