Онлайн газет



Құрметті «Ауыл жаңалығы» газетінің редакциясы!

Мен, зейнеткер Шүкірбаев Абен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының күні қарсаңында, осы органның, дәлірек айтсам, Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау ниетімен қолыма қалам алып, редакцияға хат жолдап отырмын. Өйткені аудан прокуратурасының қызметкерлері менің асырауымдағы немерелеріме қатысты заңсыздықты анықтап, тоқтатылған жәрдемақыны қайта алуыма көмек көрсетті.
Толықтыра айтсам, немерелерімнің анасы-Шүкірбаева Гүльбираның екінші баласын босану үстінде қайтыс болуына байланысты мен Байзақ ауданы әкімдігінің № 392, 393 санды қаулыларымен 29.01.1998 жылы туылған Жапаров Шыңғысханның және 27.12.2009 жылы туылған Жапар Ерсіннің қорғаншысы болып тағайындалдым.
Өткен жылдың қазан айында аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі балаларды күтіп-бағуға төленіп отырған жәрдемақының 2013 жылдың қыркүйегінен бастап тоқтатылғанын хабарлады.
Не себептен төленбейтінін сұрап арызданғанымда олар маған ҚР ғылым және білім министрлігінің бала құқығын қорғау комитеті тексеру барысында жәрдемақы заңсыз төленген деп, анықтама жазғанын жеткізді. Осыған байланысты мен аудан прокуратурасына шағымданған едім.
Аудан прокуратурасы арызымды қарап, аталған министрліктің қорытындысына сай, аудандық білім бөлімінің жәрдемақыны тоқтату туралы шешімдерін бұзды. Нәтижесінде 4 ай бойы төленбеген жәрдемақы толығымен төленді. Қазіргі күнге дейін жәрдемақымен немерелерімді бағудамын.
Сол себептен аудандық басылым арқылы жанұямыз атынан алғысымды білдіремін және аудан прокуратурасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Істеріңізге табыс, жанұяларыңызға амандық-саулық тілеймін.
Ізгі тілекпен Шүкірбаев Абен,
Абай  ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін399
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4492
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда399
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252068

Серіктестер