Онлайн газет



ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, аудан орталығы Сарыкемер ауылының орталық алаңында аталмыш мерекеге байланысты ұйымдастырылған басқа да шаралар қатарында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті.

Онда аудан тұрғындары өңір аумағындағы шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер өндірген азық-түлік тауарларын арзан бағамен сатып алуларына мүмкіндік жасалды.
–Бұл жәрмеңке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты ұйымдастырылған шаралардың бірі – деді, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков.
Бұл күнгі жәрмеңкеде азық-түлік тауарлары базар бағасынан  төмен бағаға сатылды.
Жәрмеңкені аудан әкімі Мұратхан Шүкеев бастаған басшылар аралап көріп, ет, сүт, көкөніс өнімдерінің бағасымен танысты.
Бұл күні жәрмеңкеге аудан аумағындағы барлық ауылдық округтер белсене атсалысты. Осы күні, атап айтқанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде, 500 келі сиыр еті, 600 келі жылқы еті, 350 келіден астам қой еті, бір тоннаға жуық сүт өнімдері, 1 тонна макарон өнімдері, жарты тонна шұжық, екі мың данадан астам жұмыртқа, төрт тоннадан астам арпа, бидай сатылымға шығарылды. Сондай-ақ көкөніс түрлерінен,  2 тоннаға жуық пияз, 1,5 тонна картоп өнімдері де саудаланды. 
Аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Қ.Оралов бастаған мал дәрігерлері өздерінің жылжымалы зертханаларымен мал еттері мен сүт өнімдерін тексеруден өткізіп, өз қызметтерін мінсіз атқарды.
Жәрмеңкеде тауар өндірушілер миллионға жуық теңгенің өнімін сатып, аудан тұрғындарын да, өздерін де пайдаға кенелтті.            

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.12.2014 10:01
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1471
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1471
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда37914
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295172

Серіктестер