Онлайн газет



“Діни экстремизм-әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төнген қатер”

-атты тақырыпта  Ю. Гагарин атындағы орта мектепте дөңгелек үстел өткізілді.  «Гуонлен» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов ашып, діни экстремизмнің қауіп-қатері туралы  айтып берді.  Бұдан соң сөз алған аталмыш қоғамдық бірлестіктің  жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, техникалық ғылымдардың  докторы, профессор Рашид Бакиров көп ұлтты тәуелсіз елімізде  сан ұлт өкілдерінің бірлігі,  еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне кері әсер ететін әртүрлі діни ағымдардың жұмысы, елімізде тыйым салынған діни ағымдар,  дәстүрлі емес ұйымдардың жұмысы туралы кеңінен ақпарат берді.
М. Х. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент С.Омаров ислам және өзге де діндердің мақсатына тоқталды. Қоғам және рухани тазалықпен қатар, адам санасының тазалығы төңірегінде өзінің ойымен бөлісті, сондай-ақ деструктивті ағымдардың іс-әрекеті жөнінде мазмұнды баяндама  жасады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғаған  жиында  Ю.Гагарин атындағы мектептің  директоры Ш. Байтақова,  Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы А.Мамытқұлұлы, корей мәдени орталығының жетекшісі Н.Шин, “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р.Азизов  діни ағымдардан жастарды қорғау, олардың діни сауатын ашу бағытындағы ойларымен  бөлісті.
Шараға қатысушылар “Жат ағымдардың залалы” деген тақырыпта қысқаметражды фильмді тамашалап,  “Жамбыл облысы тұрғындарының дінге деген  қарым-қатынасы қандай?” деген  сауалнамаға  бүкпесіз жауап берді.
Өз тілшіміз.

Обновлено 27.11.2014 09:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін822
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11081
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27711
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279380

Серіктестер